Тоқаев жазда пойыз билеттерінің тапшылығын қолдан жасайтындарға шүйлікті
Қысқа сілтеме алу
Қазақстандықтар жаз мезгілінде кассаларда пойыз билеттерінің болмауына жиі шағымданады
НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пойыз билеттерінің тапшылығын қолдан жасау проблемасын шешуді тапсырды. Бұл туралы ол Twitter-дегі жеке парақшасында жазды.
«Үкіметке жаз мезгілінде пойыз билеттерінің тапшылығын қолдан жасауды тоқтату туралы тапсырма бердім. Бұл жағдай азаматтарымызға қолайсыздық туғызып, еліміздегі ішкі туризмнің дамуына кедергі келтіріп отыр», — деп жазды мемлекет басшысы.
Үкіметке жаз мезгілінде пойыз билеттерінің тапшылығын қолдан жасауды тоқтату туралы тапсырма бердім. Бұл жағдай азаматтарымызға қолайсыздық туғызып, еліміздегі ішкі туризмнің дамуына кедергі келтіріп отыр.https://t.co/sPci4r2ldp
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) 24 июля 2019 г.
Өткен жылдың жазында мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (қазір бұл екі бөлек агенттік – Sputnik) құпия сатып алушылары неліктен билет кассаларында жол жүру құжаттарын сатып алу мүмкін емес екенін анықтау үшін теміржол билеттерін делдалдардан сатып алған болатын.
Тағы оқыңыз: 1 шілдеден бастап теміржол билетін сату жүйесі өзгерді
Қолдағы билеттер көбінесе 50% -ға қымбат болатыны белгілі болды, әсіресе адамдар жиі қатынайтын бағыттарда баға екі есеге дейін өсуі мүмкін. Негізінен алыпсатарлар – жеке тұлғалар.
sputniknews.kz