Жанар Айжанова өзінен көмек сұраған оқырманына ұрысып тастады

Жанар Айжанова желідегі парақшасында өзінен көмек сұрай беретін оқырмандарына өкпесін жеткізді. Әлдебір тұрғын әншіден аяғына жара шығып, соны емдеу үшін дәрі-дәрмекке ақша сұраған. Ал бұған ашуланған әнші өзінен орынды-орынсыз көмек сұрай беретін адамдарды тіленшілерге теңеп, ашуын жеткізген.
«Мен бір нәрсені түсінбеймін, әртістер ақшаны күрекпен жинап жатыр деп кім айтты? Мына жараға жағатын дәрі көп болса 1500-2000 тұратын шығар. Егер қолыңда телефоның болса, инстаграмда тіміскілеп отыратын болсаң, демек кім болсаң да қайыршы емессің. Адамдар қандай арсыз болып бара жатырсыңдар? Күнде осы, ватсапта, дайректке, хабарламамен ақша сұрап жатады. Айтатындары сол, кредитімді жауып бер, бір көйлегіңді бер, сырғаңды бер, байым тастап кетті мені асыра деген әңгімелер. Не үшін мен ақша беруім керек? Садақаны кімге, қалай беріп жатқанымды қайдан білесіздер? Ұұят емес пе, қолдарыңда телефондарың, аржағында отырып алып қайыр сұрап, намыс қайда, әшейінде әртістерді жерден алып, жерге салып, мін айтқанда кереметсіздер. Мына кісінікі тіптен сорақы, күн жаумай су болып, тышқан бір жерін көріп жаралы болыпты демекші ( бұл тек тіленшектерге айтып жатқан сөзім) қайыр сұрау жақсы әдет емес ағайын. Көбейіп кеткені соншалық, тіптен сенуден қалдық»-дейді әнші.

Дереккөз: Reactor
Дереккөз: http://reactor.inform.kz