ҚЫЗҒАЛДАҚТЫҢ ТАРИХЫН БІЛСЕ… | «Айқын» газеті

0

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы – «Рухани жаңғырудың» жалғасы. Қазақ өзінің кім екенін тани түсуі үшін көтерілетін сатының бір баспалдағы.

Қазақ жеті санын жақсы көреді. Құрметтейтінін, қадірлейтінін жетіге жеткізеді, болмаса асып кеткенін жетіге сыйдырады ғой. Президент өз мақала­сында бүгінгі қазақ ықылым заманнан бері қажет деп санап, күнделікті өмірінде кәдесіне жаратқан біршама дүниені жұмыр жердегі адамзат асылына балап алған рухани, мәдени, материалдық, тағылымдық дүниелерді жүйелеп, жеті-ге топта­лып­ты. Ырымшыл қазақпыз ғой.
Тақымы атқа тисе, делебесі қозып, қанаты жайылатын қазақтың рухы тарихтың қай кезінен басталатын, әсіресе, қалада туып, компьютердің алдында жиі отыратын бала бір ауық кітаптан оқып, мультфильмнен көріп өскені керек-ақ. Сонда ата-бабаның рухы сол балаға ауысатын шығар. Мақ­таныш сезімі оянатыны анық. Үстіне «Алтын адамның» алтыннан тоқылған сауытын кигізсе, ұлы даладағы сол кезде қалыптасқан өркениеттің бүгінгі дамыған елдердің ұстанымының не­гізін­де жатқанын түсінер. Сол аталарына ұқсағысы келетіні рас.
«Алтын адамның» жанында жат­қан кеседегі таңба алдындағы пер­нетақ­тадағы әріптің түпатасы екенін білсе, таңданыстан көзіл­дірігін шешіп, «мен кімнің ұрпағы екенімді білдім» деп атып тұрып, ұстазын құшақтар еді. Мен солай ойлаймын. Риза болып, ата-апасына тарихты ертегіге қосып айт­қаны үшін кө­ше­дегі дүңгіршекте саты­ла­тын гол­лан­дық қызғалдақтан құшақ тола сый­лар еді. Сол қызғал­дақтың тарихын білсе… Қазақ екеніме осыны жазып оты­рып, мақтанып отырмын.

Әбдез РАХМАНҰЛЫ,
«Нұр Отан» партиясы
Қаратау аудандық филиалы төрағасының
бірінші орынбасары