Шымкентте үш жасар бала сегізінші қабаттан құлап кетті

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Көршілердің айтуынша, бала үйде жалғыз болған, ал терезе ашық қалыпты

НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым — Sputnik. Шымкентте сегізінші қабаттағы пәтердің терезесінен үш жасар бала құлап кетті.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, трагедия Н.Назарбаев атындағы даңғылда орналасқан үйде болған.

Оқиға орнына он минуттан кейін келген дәрігерлер баланың өмірін сақтап қала алмады. Бүлдіршін құлаған кезде бірден көз жұмған, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Көршілерінің айтуынша, бұл уақытта бала үйде жалғыз қалған.

Осыдан бірер күн бұрын қайғылы оқиға Петропавл қаласында болды. Бір жасар қыз тоғызыншы қабаттағы пәтердің ашық тұрған терезесінен құлап, жан тапсырды.



sputniknews.kz


Тегтер:Шымкент