Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Үкімет келесі жылы 12 заң жобасын әзірлейді

Үкімет келесі жылы 12 заң жобасын әзірлейді
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Үкімет 2026 жылы барлығы 12 заң жобасын әзірлейді, деп хабарлайды kznews.kz.

Олжас Бектенов 2026 жылы Үкімет заң шығару жұмысының экономика мен әлеуметтік саланың маңызды аспектілеріне қатысты негізгі бағыттарына баса мән беретінін атап өтті.

Бағыттардың бірі – мемлекеттік мүлікті басқаруды одан әрі жетілдіру.

«Мемлекеттің экономикаға қатысу шегін нақты айқындап, басқару ісіне қатысты құқықтық талаптарды бекітіп алу қажет. Біз жұмыскерлердің құқықтарын қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін нығайту үшін нормативтік базаны жетілдіру бағытында белсенді жұмысты жалғастырамыз.  Сондай-ақ мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамытудың жүйелі әрі кешенді тәсілін қамтамасыз ететін заңнамалық бастамалар бар. Келесі жылы барлығы 12 заң жобасын әзірлеу көзделген», - деп атап өтті Премьер-министр.

Премьер-министр мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына әрбір заң жобасының сапалы әзірленуін және олардың Мәжіліске уақтылы енгізілуін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

«Мемлекеттік органдардың арасында ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету маңызды. Заң жобаларын келісу барысында басы артық бюрократиядан арылып, жедел жұмыс істеу керек. Әділет министрлігі Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігінің және Үкіметтің заңнамалық тапсырмаларына жыл бойы мониторинг жүргізіп отыруға тиіс. Олардың белгіленген тәртіппен жоспарлы немесе бастамашылық жасалған заң жобаларына енгізілуін қамтамасыз ету қажет», - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Мәселені қарау қорытындысы бойынша отырысқа қатысушылар Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2026 жылға арналған жоспары жобасын мақұлдады және тиісті қаулыға дауыс берді.

Жоспардың орындалуын жалпы бақылау мен үйлестіру Әділет министрлігіне жүктелді.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі