Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстан қысқы Олимпиададан «алтын» алған спортшыға 250 мың доллар сыйақы төлейді

Қазақстан қысқы Олимпиададан «алтын» алған спортшыға 250 мың доллар сыйақы төлейді
интернет желісінен

2018 жылдан бері Қазақстан қысқы Олимпиада ойындарынан бірде бір медаль ұтпаған

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 2026 жылы Италияда өтетін XXV қысқы Олимпиада ойындарының жеңімпаздарына мемлекет тарапынан қанша сыйақы төленетінін айтты, , деп хабарлайды kznews.kz.

«Мемлекеттен Олимпиада жеңімпаздарына 250 мың доллар, екінші және үшінші орындарға 150 мың доллар және 70 мың доллар төленеді. Одан бөлек, әкімдіктер қосымша пәтер, автокөлік сыйға беріп жатады», - деді Мырзабосынов Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, 1994 жылдан бері Қазақстанға сегіз қысқы Олимпиададан бес қана спортшы медаль әкелген.

«Ал енді 2018 жылдан бері бірде бір медаль болмады. 2022 жылы Пекинде де қырыққа жуық спортшы қатысты. Бірақ өкінішке қарай спортшыларымыз жүлдесіз оралды. Сондықтан біз осы жолы медаль әкелуге барымызды саламыз. Енді ол алтын бола ма, күміс әлде қола медаль бола ма, маңыздысы – сол медальды алып, статистиканы өзгерту», - дейді ведомство басшысы. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.