«Өсекшілердің аузын дәлелмен жабу — тамаша сезім». Альварес Головкинді жеңгені жайлы » Vesti.kz
«Әрдайым өзімді мықтымын деп есептегенмін, ал қазір тіптен. Бокста ең мықты болу үшін жүрмін. Ал P4P рейтингіне кіргізе ме, жоқ шығарып тастай ма, мені алаңдатпайды. Мен жеткеніме қуанамын және айналысып жүрген ісіме.
Үнемі айтарым, құр сөздің қажеті жоқ. Бос сөйлеп, қарсыластарына хабарлама жіберуді ұнатпаймын, мен салмақты адаммын. Ал мен туралы айтқан пасық сөздердің бәрі… Не деймін, соңғы жекпе-жегімде кім екенімді дәлелдедім. Бұл тамаша сезім — өсекшілердің аузын дәлелмен жабу», — деп келтіреді Альварестің сөзін BoxingScene.com.
Еске салайық, Головкин 15 қыркүйекте өткен жекпе-жекте мексикалық Альварестен жеңіліп, WBC, WBA (Super) және IBO белбеулерінен айырылған болатын.
Үш нұсқа чемпионы «Канелодан» гөрі Головкинмен жұдырықтасу қиын боларын айтады