ка

Қазақ жігіт әйгілі бразилиялық футболшы Роналдиньоның иығына шапан жапты

09.04.2025 17:04
0
88

Қазақстандық кәсіпкер Дінмұхамед Сыздықов әйгілі бразилиялық шабуылшы Роналдиньоның иығына шапан жапты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақ жігіт әйгілі футболшымен көптен бері кездесуді армандап жүргенін айтты. "Барселона" командасына 20 жылдан бері жанкүйер болып келемін. Оған сүйікті футболшым Роналдиньо себеп болды. Көп жылдан бері онымен танысуды армандап жүрдім. Бірақ оған шапан сыйлауды қиялдап та көрмеппін. 77 млн оқырманы бар Роналдиньо Instagram бойынша әлемдегі ең танымал ТОП-10 футболшының қатарына кіреді", – деп жазды Дінмұхамед Сыздықов. Еске салайық, танымал мобилограф Қыран Талапбек футболшы Роналдиньомен кездескен еді. “Дубайға іс-сапармен келдім. Балалық шағымның аңыз адамы. Израилдегі соғысты қолдайды дегендерге айтарым: Ол аузын жапса, бәрі тоқтап, соғыс бітіп қала ма?”, – деп жазып еді мобилограф.

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий