Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада 500-ге жуық адам тұратын жатақхана алапат өртке оранды (ВИДЕО)

Астанада 500-ге жуық адам тұратын жатақхана алапат өртке оранды (ВИДЕО)

Елордалық құтқарушылар жатақханадағы өртті сөндірді



Астанада 500-ге жуық адам тұратын жатақханадан алапат өрт шықты, деп хабарлайды Kznews.



Оқиға бүгін таңертең Сарыарқа ауданының Бұланты көшесінде болды. Мансард үлгідегі жатақхананың алтыншы қабаты өртке оранды.

«Алғашқы бөлімшелер келген кезде өрт мансардалық 6-қабатта болып жатқаны анықталды. Келген сәтте қабат толығымен отқа оранған еді. Дереу газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары құрылып, барлау жұмыстары басталды. ТЖМ күштерімен суды үздіксіз жеткізу қамтамасыз етілді.

Құтқарушылардың жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында 50 адам, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды. 490 адам өздігінен қауіпсіз жерге шықты. Өрт 1600 ш.м. алаңда толығымен сөндірілді», - делінген ТЖМ хабарламасында.


Өрт орнында өрт зерттеу сынақ зертханасының және ТЖД анықтау бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеуде. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.




Автор
Нұрсұлтан