Шымкенттегі қанды жан-жалға күдіктілердің бір тобы ұсталды: қалғандарын іздестіру жалғасуда (видео)
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ресей Украинаның 15 аймағына шабуыл жасады

Ресей Украинаның 15 аймағына шабуыл жасады

26 тамыз күні таңертең Ресей дрондар мен әртүрлі зымырандарды пайдаланып, Украинаға жаппай шабуыл жасады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Шабуылдар бірнеше аймақта, соның ішінде Киевте де электр қуатының үзілуіне әкелді. Қаза тапқандар мен жараланғандар бар.

Түннен бері Украинаның барлық аймақтарында әуе шабуылы туралы ескерту жарияланды. Украина әскери-әуе күштерінің мәліметінше, Ресей Украинға қарсы дрондар мен бомбалаушы ұшақтарды ұшырды.

Алдын ала мәлімет бойынша, 100ден астам шабуылдаушы ұшқышсыз ұшу аппараттары мен ондаған қанатты зымырандар ұшырылған.

Украина премьер-министрі Денис Шмигал Ресейдің шабуылынан елдің 15 аймағы зардап шеккенін айтты.

Жаппай шабуылдың салдарынан "Укрэнерго" электр қуатын таратуды апатты түрде тоқтатты. Киев мэрі Виталий Кличконың мәліметінше, электр қуатының үзілуіне байланысты бірқатар аудандарда су беруде қиындықтар туындаған.

Ресейдің қорғаныс министрлігі шабуылға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

Еске салсақ, бұған дейін Украина қарулы күштерінің Ресейдің Курск облысына басып кіргені туралы жазған едік.

Автор
Еркебұлан

Журналист