ка

Чемпиондар лигасы: "Бавария" өз алаңында "Интерден" жеңілді

09.04.2025 12:10
0
18

Футболдан Чемпиондар лигасының ширек финалында Мюнхеннің “Бавария” командасы өз алаңында миландық “Интерден” жеңіліп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл жұптың ¼ финалдағы алғашқы ойыны Мюнхендегі “Альянц Арена” стадионында өтті. 75 адамды еркін сыйдыратын аренада ине шаншар орын болмады. Матчтың бірінші таймында Маркус Тюрамның пасынан соң Лаутаро Мартинес гол соғып “Интерді” алға шығарды. Осылайша алғашқы таймда тек бір гол соғылды. Екінші кезеңде стадиондағы жанкүйерлер өз командасының белсенділігін күтті. Ойынның 85 минутында қосалқы құрамнан шыққан неміс шабуылшысы Томас Мюллер есепті теңестірді. Алайда араға үш минут өткен соң миландықтар екінші голын соқты. Карлос Аугустодан пас алған Давид Фраттези жеңіс голын салды. Қорытынды есеп 1:2, “Интер” сырт алаңда жеңіске жетті. Қарымта кездесу 17 сәуірде Миландағы “Сан-Сиро” стадионында өтеді. Айта кетейік, бұған дейін “Реал Мадридтің” Лондонда “Арсеналдан” жеңілгенін хабарлаған едік. Бүгін тағы да Чемпиондар лигасының ширек финалдық екі ойыны өтеді. Испаниялық “Барселона” өз алаңында немістің “Боруссия Дортмунд” командасына қарсы ойнайды. Ал Франциялық “ПСЖ” Парижде Бирмингемдік “Астон Вилланы” қабылдайды.
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий