ка

"Сағатының құны – 9 миллион теңге": Дана Нұржігіт баласына қымбат дүние сыйлайтын ата-аналарды сынады

11.04.2025 18:40
0
52

Танымал тележурналист, продюсер Дана Нұржігіт мектеп жасындағы баласына қымбат дүние сыйлайтын ата-аналарға үндеу жасады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

БАҚ маманы балалармен жиі ой бөлісіп, көбірек сырласуға шақырды. 

“Балаларыңызбен сөйлесіңіздерші! Әсіресе жататын уақытта. Көп нәрсе ұғасыз. Біз не істеп жүрміз? Қалай өмір сүріп жатырмыз? “Адамдар бай өмірді жақсы көреді! Инстаграмнан соны көрсету керек!” деді маған жақында бір эксперт. Мен ақымақ екенмін! Мен шынайылық бірінші орында ма десем…”, – деп бастады әңгімесін тележурналист. 

Сөзінше, ұлына алып берген сыйлықты жанындағы досы түкке тұрғысыз, арзан дүние екенін айтыпты. 

“Әлімнің туған күніне келген досы, менің сол кеште сыйлаған сағатымды түкке тұрғысыз қылыпты. Әлім әкесінен көрген жай ғана сағатты интернет дүкенінен алғызды. Құны 27 мың теңге екен. Жақсы деп сыйлық жасадым. 

Туған күннен кейін сөз сөйлеп, тілек айтқан құрдас баласы бірнеше күннен кейін Әлімнің алдынан шығып, сағатын шешіп, ”Сенің сағатың 27 мың, ал менікі қанша екенін білесің бе? 9 млн! Әкем сыйлады. Вот так!”депті. Бала бәрін түсінеді, бәрін ұғады. 9 млн-ға мен өзіме де сағат ала алмаймын. Алмаймын да! Мен ол категорияда ойлайтын адам емеспін. Мүмкін заманнан қалып қойған да шығармын. Бірақ, аш адамның алдында, ұртым май-май болып, кекіріп отырып, пәлсәпа соғып, ақыл айтпаймын. Осыны ұқтыратын ата-аналар, қайдасыңдар?”, — деп жазды ол Instagram парақшасында.

Еске салайық, Дана Нұржігіт жалғызбасты ана болудың қиындығын бөліскен еді. 

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий