Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Асхат Аймағамбетов: Смартфон кітаптан арзан болмауы керек

Асхат Аймағамбетов: Смартфон кітаптан арзан болмауы керек

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов анимациялық студияларға салық жеңілдігін беруді ұсынды.

- Қазақша мультфильмдер аз — ал салық көп. Бүгінде балалардың көбі басқа тілдегі TikTok пен Netflix ғана көреді. Мемлекеттік тілде контент аз. Неге? Біздің анимациялық студиялар әр кадр үшін ҚҚС төлейді. Қазақша мультфильм шығару — қымбат. Оңтүстік Корея, Польша, Франция — өз анимациясын қорғайды. Бізге де сол қажет, - деді ол палатаның жалпы отырысында.

Сондай-ақ, казиноларға салықты аямай көтеру керектігін айтты.

- Казиноларға салықты батыл көтерейік! Мұнда ешқандай дау жоқ. 20%, 30%, 50% — көтеруге болады. Өйткені әрбір ұтылған ставка — бір отбасының үміті.

Бұл — бизнес емес. Бұл — үмітті жұтатын индустрия. Құрметті әріптестер, біздің ұсынып отырғанымыз — жеңілдік емес, әділеттілік. Салық жүйесі мұқтажға демеу болуы тиіс. Смартфон — кітаптан арзан болмауы керек. Энергетикалық сусын — судан арзан болмауы керек. Осы ұсыныстарды қолдайық, - деді депутат.

Айта кетейік, Салық кодексінің жаңа редакциясы қабылданса, ҚҚС салынатын айналымның төменгі шегі 40 млн теңге болуы мүмкін.

Автор
Нұрсұлтан