"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Прокурор Темірлан Еңсебекті бес жылға соттауды сұрады

Прокурор Темірлан Еңсебекті бес жылға соттауды сұрады

Qaznews24.kz парақшасының авторына қатысты іс бойынша сот талқылауы өтіп жатыр. Прокурор Дидар Қабаев оны бес жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жауапты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар жоқ дейді. Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдары бойынша толықтай дәлелденіпті. 

Сот талқылауына өтіп, прокурор Темірлан Еңсебекке бес жылға бас бостандығын шектеуді және қоғамдық қызметке, соның ішінде журналистік қызметке тыйым салуды сұрады.

Еске салайық, Qaznews24.kz парақшасының авторы, белсенді Темірлан Еңсебек 17 қаңтарда ұсталған еді. Оған Қылмыстық кодекстің "Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру" бабы бойынша іс қозғалған. 

Кейін полиция департаменті Темірлан Еңсебекті “ұлтаралық алауыздықты қоздыратын айқын белгілері бар материалды орналастырғаны” үшін ұстағанын мәлімдеді. Құқық қорғау органдарының дерегінше, қазір Еңсебек Instagram парақшасында жариялаған “Йоу, орыстар” әнінің авторы іздестіріліп жатқан көрінеді. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.