"Жасы 20-да, Жаңаөзеннің қызы": Сәкен Майғазиевтің болашақ келінінің кім екені белгілі болды
09.04.2025
10:30
0
1720

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің ұлын шаңырақ көтермек. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесінің болашақ келіні желіде өзін таныстырып, оқырмандарымен сырласты. “Әділетпен араласып жүргенімізге 9 ай болады. Бір-бірімізді 3-4 жылдан бері танимыз. Жасым 20-да. Жас айырмашылығымыз – 6 жас. Жаңаөзенде туғанмын. Кейін Ақтау қаласына көштік. Қазір Алматыда тұрып жатырмыз. Мамандығым – қонақ үй бизнесі. Колледж бітіргенмін. Болашақта ЖОО-ға түскім келеді. Енемен тұруға қатысты көзқарасым – бейтарап. Маған көп адам болып шай ішкен ұнайды. Өзімнің де інім бар. Сондықтан ене тақырыбын жақсы түсінемін”, – деді Әдия Мәулен. Еске салайық, Сәкен Майғазиев ұлын үйлендіргісі келетінін жасырмаған еді. "Алла жазса, ұлым әке болуға дайын сияқты. "Әумин" деген баршамызға иманды, саналы, білімді, қазақ халқына пайдасы тиетін өнертапқыштардан болған, іскер, салиқалы ұрпақтар нәсіп ете гөр", – деп жазған еді өнер иесі.
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ