"Дәлізге киімсіз отырғызып, терезені ашып қойған": Алматыда балабақшада тәрбиеші 4 жасар қызды қорлаған
09.04.2025
18:41
0
64

Алматыда балабақшалардың бірінде тәрбиеші 4 жасар қызды жәбірлеген. Аталған жағдайға қатысты полиция іс қозғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
4 жасар қыздың анасы Жадыра Рахымбаеваның айтуынша, оқиға 20 наурыз күні Алматының Алатау ауданындағы жекеменшік балабақшада болған. “Қыз бала бақшаға барудан бас тартып, ашуға булыққан. Бірдеңеден күдіктенген анасы оның балабақшаға барғысы келмеуінің себебін сұраған. Дәл сол кезде қыз болған жайтты айтып берген. Ол маған бәрі ұйықтап жатқанда мұғалімнің оны дәлізге лақтырып жібергенін айтты. Қызым іш киімімен жалғыз отырған. Бірақ мекеме іші ол сәтте суық болған. Оның үстіне тәрбиеші терезені ашып қойып, қызымды тәпішке сілтеп қорқытқан. Қызым бала бақшаға барғысы келмегендіктен өтірік айтқан шығар деп ойладым, бейнебақылау камерасын тексеріп, қарадым. Барлығын өз көзіммен көрдім", – деді қыздың анасы. Рахымбаева тәрбиешінің әрекетінен соң қызы бронхитпен ауырғанын айтты. Ол сөзін растайтын видеоны ұсынды. Жеке балабақшаның құрылтайшысы Фатима Мұсаеваның айтуынша, осы оқиғадан кейін тәрбиеші мен күтуші бірден жұмыстан қуылды. “Тәрбиеші қыздың түскі үзіліс кезінде ұйықтамай, басқа балалардың ұйықтауына кедергі келтіргенін айтты. Оның үстіне жұмыстан босатылған тәрбиеші балабақшада 6 жыл жұмыс істеді. Енді мекемемізде бақылау күшейтіледі”, – деді Рахымбаева. Қыздың анасы полицияға арызданған. Полиция мәліметінше, кінәлілерді жауапқа тартуға бағытталған іздестіру шаралары жүріп жатыр. "Аталған факті бойынша Алатау аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Істің объективті мән-жайларын анықтауға және кінәлілерді жауапқа тартуға бағытталған бірқатар жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", –делінген хабарламада. Айта кетейік, бұған дейін Астанадағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші баланы еденге құлатып, басынан ұрғаны туралы жазған едік. Салдарынан бала кекештеніп, кіші дәретін жіберіп қоя беретін болған.
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ