Әлеуметтік картина - 2025: өсім баяу, көңіл қаяу...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев ағылшындық "Челси" клубына ауысады

Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев ағылшындық "Челси" клубына ауысады

"Қайрат" футбол клубының шабуылшысы және Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ойыншысы Дастан Сәтпаев футболдық карьерасын "Челси" сапында жалғастырады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі metaratings.kzпорталына сілтеме жасап хабарлайды.


Лондондық "Челси" футбол клубы Дастан Сәтпаевты өз қатарларына қосу туралы нақты шешім қабылдады. Жақын арада алматылық клубпен лондондық команда келісімшартқа қол қояды.

Трансферлік ауысым келесі аптада орын алады деп күтілуде. Сәтпаевтың 18 жасқа толмауына байланысты келісімшарттың егжей-тегжейі әлі белгісіз.

Бұған дейін футболдан Қазақстан U-19 құрамасының шабуылшысы 2024 жылдың желтоқсан айында лондондық "Челси" клубында қаралымнан өткен еді.

Автор
Данияр