ка

Жәнібек Әлімханұлы Канелоға үндеу жасады: «Мен орта салмақтың королімін»

07.04.2025 09:38
0
14
Бұл Жәнібектің "Канелоны" жекпе-жекке алғаш рет шақыруы емес
Орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) ең танымал боксшылардың бірі Сауль «Канело» Альвареске үндеу жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстандық боксшы мексикалыққа қарсы рингке шығуға дайын екенін тағы да мәлімдеді.
"Канело, сен қайдасың? Мен орта салмақтың королімін. Сен де өзіңді король санайсың ба? Олай болса әлемге екі король арасындағы жекпе-жекті көрсетейік", - деп жазды Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бұл Жәнібектің "Канелоны" жекпе-жекке алғаш рет шақыруы емес. Ол барлық белбеуді біріктіруге дайын екенін бірнеше рет мәлімдеді. Әлімханұлы 5 сәуірде Астанада француз қарсыласы Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта нокаутқа түсіріп, чемпиондық белбеулерін қорғады.
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий