Маркетплейс нарығы: "Барахолка" мен бутиктердің басына қара бұлт үйірілді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Трамп Ресейге қарсы санкцияларды тағы бір жылға ұзартты

Трамп Ресейге қарсы санкцияларды тағы бір жылға ұзартты

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қарсы санкциялар пакетін бір жылға ұзарту туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

АҚШ федералды реестрінде Дональд Трамп Ресей билігінің "зиянды қызметпен айналысатынына" байланысты төтенше жағдай режимін бір жылға ұзартқаны айтылған. Бұл ресейлік активтер мен санкциялардың бұғатталуын, сондай-ақ Ресейдің әскери өнеркәсіптік кешенмен ынтымақтасатын шетелдік қаржы институттарына қатысты қайталама шектеулерді ұзартылғанын білдіреді.

"Ресей Федерациясының үкіметі АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне, сыртқы саясатына және экономикасына ерекше қауіп төндіруді жалғастыруда. Мен 14024 атқарушы жарлықта жарияланған елдегі төтенше жағдай режимін бір жылға ұзартамын", - делінген құжатта.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.