"Ұят қайда?!": Баян Мақсатқызы Дженнифер Лопестің Астанада өтетін концертіне пікір білдірді
09.04.2025
12:51
0
1690

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы америка жұлдызы Дженнифер Лопестің Астанада өтетін концертіне қатысты ойын бөлісті. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айта кетейік, әйгілі әнші тамыз айында Қазақстанға келмек. “Радикалды хейтерлер мен дәстүрлі көзқарастағы адамдардың реакциясын күтіп отырмын. Ұят қайда?! Бізге мұны жасауға болмайды ғой?! Жұлдыз! Уау! Біз тура жолда екенбіз! Жоғары профиссионализм. Харизма, талант және ашық сексуалды киім. Онсыз болмайды ғой. Ол Джей Ло емес пе?!" – деп жазды Баян Мақсатқызы. Еске салайық, Лопестің Астанадағы концертінен еліміз қанша табыс табатыны белгілі болған еді. “Астана Концерт" компаниясының продюсері Малик Хасенов үкімет отырысында америкалық әнші әрі актриса Дженнифер Лопестің концертіне 15 мың турист келіп, қазынаға 400 миллион теңгеден аса салық түсетінін айтқан еді.
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ