Алдағы күндері Қазақстанда күн суытады 

0

Алдағы күндері елімізде күн суытады. 30 мамыр – 1 маусым аралығына ауа райы болжамын жасаған синоптиктер сонымен қатар жаңбыр жауып, найзағай ойнайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап.

 

Елімізге батыс және солтүстіктен жылжыған атмосфералық фронттар алдағы үш тәуліктегі ауа райына ықпал етеді. Фронттардың өтуіне байланысты көптеген облыста найзағай ойнап, екпінді жел соғып, өткінші жаңбыр жауады деп болжанып отыр.

Алайда синоптиктер жаз мезгілінің жақындауына байланысты, жаңбыр кезінде күн айтарлықтай суытпайтынын айтады. Жаңбырдан кейін ауа температурасы жылдам көтеріле бастады, дейді мамандар.

stan.kz