Алматы полициясы электронды форматта 1500-нан астам қылмыстық іс тергеді
ҚР ГП құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасының мәліметтері бойынша, ағымдағы жылдың 10 айында тіркелген 51 мыңнан астам қылмыстық істердің 95%-ын ішкі істер органдары тексереді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы қаласы ПД Баспасөз қызметіне сүйене отырып.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің іс жүргізу негіздерін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына сәйкес, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап электрондық нысанда қылмыстық іс жүргізуді жүргізу мүмкіндігі енгізілді.
Бүгінгі күні Алматы полициясының тергеу бөлімшелері 1500-ден астам шағын және орташа қылмыстық істер бойынша электронды нұсқада тергеу жүргізді. Бұл қылмыстық процестің әртүрлі, сапалы алгоритміне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Іс жүргізу полициясының қызметкерлеріне E-қылмыстық іс формасында 100 пайыз қажетті техникамен жабдықтау үшін жергілікті бюджеттен 190 миллион теңге бөлінген. Келесі жылдың басынан бастап Алматы полициясы шағын және орташа ауырлықтағы қылмыстық істерді тек электрондық форматта тергеп отырады.
Тәжірибеден: «Электрондық қылмыстық іс» жобасы арқылы алдын-ала тергеу жүргізетін адам сұрауларды шешу, оларға жауап алу үшін уақытты айтарлықтай үнемдейді. Тергеудің сандық форматы тергеушілердің полиция, прокуратура және сот арасындағы жүгірістерін болдырмайды. Соттар санкцияны электронды түрде, оның ішінде күдіктілерді сотқа шақырмай-ақ, сот отырыстарын бейне байланыс арқылы өткізеді. Жалпы, электронды формат шешім қабылдауды жылдамдатты, процеске қатысушылардың құқықтарын қорғауды жақсартты және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтты.