ка

Айтыскер ақын Балғынбек Имашевтың ұлы алаяқтық бойынша тергеліп жатыр

10.04.2025 07:36
0
83
"Qazaq Travel" компаниясының атқарушы директоры Данияр Имашевқа қатысты дау ушығып тұр. Бүгін Меккеге аттануы тиіс болған туристер Алматыдағы Әуезов аудандық полиция басқармасының алдында жиналып жүр. Себебі, олар қажылыққа бір күн қалғанда ғана сапардың болмайтынын естіген. Туристік қызмет көрсететін «Qazaq Travel» компаниясы бұл туралы алдын ала ескерту жасамаған көрінеді.
– Тоғызына белгіленген рейспен ешкім ұшпады. Ешқандай ресми мәлімдеме болған жоқ. Билеттер мен қонақүйге ақша төленді ме – соны да дәлелдеген жоқ. Тым болмаса баға өзгерді, қиындық туды деген бір ауыз сөз естімедік, – дейді компания клиенті Медина Жарылғапова.
Қазір «Qazaq Travel»-дің кеңсесі жабық. Ал Меккеге бара алмаған шамамен елу шақты адам полицияға арыз түсірген. Осы арыз негізінде полицейлер алаяқтық бабымен қылмыстық іс қозғады. Тергеу барысында үш күдікті анықталған, олардың арасында компанияның басшысы Данияр Имашев та бар. Данияр журналистердің сұрағына жауап бермеді. Оның орнына көпшілікке түсініктеме берген – әкесі, айтыскер ақын Балғынбек Имашев. Ол ұшақ пен қонақүй бағасының күрт өсуі қиындық туғызғанын айтып, мұнда алаяқтық жоқ деп ақталды.
– Көп адам акция кезінде арзан бағада билет алды. Қазір бәрі қымбаттап кетті – ұшақ та, қонақүй де. Осы себепті құрылтайшылар жеке қаржы салып, жағдайды реттеуге тырысып жатыр, – деді ол.
Алайда қажылыққа бара алмай қалғандар бұл уәжге сенбейді. Олар ақшаларын қайтаруды талап етіп, басқа мұсылмандардың да алданбауын қалайды. фото: bairaqmedia.kz  
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий