Қазақ баласы болмай шықты: конголық әйелдің өтірігі ашылды — Қазақстан жаңалықтары
Африкалық азаматша Моника Камукенж Канганзаның мұңына «Астарлы ақиқат» бағдарламасы шешім таба алды, деп хабарлайды Stan.kz. Конго елінің азаматшасы өзін екіқабат етіп тастап кеткен Павлодарлық жігіт Мәулен деп мәлімдеген еді. Той-томалақтарда би билеп, ән салып жүргенінде танысып, жақындасқан. Дегенмен, Мәулен содан кейін ізін суытқан көрінеді. Бұл қаншалықты шындыққа жанасымды?
«Астарлы ақиқат» бағдарламасы Моника Камукенж Канганзаның мұңына бір жола нүктесін қойды. Тоғыз ай көтерген баласын Моника Камукенж Канганза Қазақстанға Конго елінен аяғы ауыр болып келген. Арада сегіз ай өткенде Нұр-Сұлтанда босанады. Қазіргі таңда Блессинг-Маша Камукен 6 ай болған. Еліміздің тыныш өмірі қызықтырды ма, белгісіз!? Моника елімізді паналап, қазың Қазақстан азаматшасы етуге ниетті.
Құжатта көрсетілгендей желтоқсанның 27-не Моника Қазақстанға келген. Қызы Блессинг 17 тамызда туған. Егер оны 9 ай көтерген болса, оны қараша айында көтерген болып шығады. Демек, Қазақстанға жүкті болып келген. Бұны деректер мен құжаттар айқын көрсетіп тұр. Дегенмен жүргізушінің осыны мойындауын сұрағанда: «біріншіден мен барлық адамдардан көмек сұраймын. Министрлік құжаттарымды дайындауға көмектессе екен. Өз елімді тастап, бұл жаққа ақша табу мақсатында келген жоқпын. Осы жағдайды барлық жерге жариялап жатқаным үшін ішкі істер министрлігінен кешірім сұраймын. Мен сіздерден көмек сұраймын. Мен баламды аман-есен өсіргім келеді. Мен өмірді сүйемін. Менің құжаттарымды дайындауға көмектесулеріңізді сұраймын. Сіздердің де балаларыңыз бар. Жүректеріңіз бар. Егер елімнен шақырту түсетін болса, кері қауға дайынмын» — деп жауап қатты Моника.
Айта кетейік, «ЭКСПО-2017» көрмесі! Күллі әлемді дүрліктірген бұл көрмеге миллионнан ағылып туристар келген еді. Бірақ, елді елең еткізер бір жайт бар. Конго елінен халықаралық көрмеде жұмыс істеуге келген Моника қазақ жігітінен Блессинг есімді қыз сүйіп Нұр-Сұлтанда қалып қойған болатын.
Адам түгілі шырылдаған торғайда бала үшін жаның пида етеді. Мониканың мұндай әрекетке шарасыздықтан барып отырғаны белгілі. Қай елді, қай жерде болмасын бала бақытты болуға лайықты. Қиын-қысту кезде кеудеден теппей, қамқорлығын аямаған қазақ халқы бұл жағдайда да Конголық келіншекті қызымен бірге қанатының астына алар деген сеніміміз бар.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz