Мұқағали өлеңдеріндегі шыншылдық, тазалық, асқақтық слайд,презентация — Әдебиет
Мұқағали өлеңдеріндегі шыншылдық, тазалық, асқақтық слайд,презентация
1.Мақатаевтың өлеңдерінің негізгі идеясын, тақырыбын ашу. өлеңдерге сипаттама беріп, талдау,
шығармашылыққа шыңдау.
2) Оқушыларды өлеңді өз беттерімен талдай білуге төселдіру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту, сөйлеу, баяндау қабілеттерін арттыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, жеке тұлға ретінде қалыптастыру.
3) Адам бойындағы асыл қасиеттерді танып білуге, достыққа адамдар арасындағы қарым-қатынастар принциптерін сақтай білуге, адалдық, сезімталдық, бауырмалдық, қайырымдылық, адамгершілік,тазалыққа, жан сұлулығына тәрбиелеу.
М. Мақатаев 1931 жылы ақпан айының 9 жұлдызында Алматы облысының (қазіргі ) Райымбек ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Мұқағали мектеп қабырғасында оқып жүргенде өлең жаза бастаған. Ол 10-шы сыныпты интернатта бітірген. ҚазМУ-ң филология факультетін бітірген. Университетте оқып жүргенде қызыл отау меңгерушісі, комсомол жетекшісі болды.
-М.Мақатаевтың ең бірінші жазған өлеңі “Қойшы бала Әкітай”. Бұл өлеңде ақынның өз өмірі суреттеледі. Ақынның тірісінде үш аудармасы жарыққа шықты. Оған Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығы берілді, сондай-ақ “Ғасыр ақыны” атағы да берілген.
—М.Мақатаев поэзия жанрында ғана емес проза,драма саласында да қалам тартты. Ақынның 8 жыр жинағы жарық көрген. Поэмалары: “Райымбек”, “Аққулар ұйықтағанда”, “Қайырлы түн”, “Арман”, “Досыма хат” , “Толғау” т.б.поэмалары бар.
-Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне Қазақстан композиторлары Нұрғиса Тілендиев, Алтынбек Қоразбаев және тағы басқа сазгерлер ән жазған.
-М.Мақатаев 1976 жылы дүниеден өтті, бірақ та ол өзінің артында көп мұра қалдырды, оның атында Алматы қаласында мектеп , көше және мұражай ашылған.