Сергей Шевченко | өмірбаяны
Сергей Шевченко (1927–2001)
21 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы, Совет ауданының Борки селосында туған. Петропавл қаласында мұғалімдер институтын бітіреді.
1948–1950 жж. Коноваловск жетіжылдық мектебінің директоры, сонан кейін Солтүстік Қазақстан облыстық оқу бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Петропавл пединститутының проректоры, 1961 жылы – Петропавл телестудиясының Бас редакторы.
1963–1965 жж. Алматы Жоғары партия мектебінде оқиды. Содан кейін Павлодар қаласындағы облыстық телерадио комитетінің орынбасары, Павлодар облыстық «Звезда Прииртышья» газетінің редакторы болып істеген.
1953 жылы «Учительская газетада» алғашқы әңгімесі жарияланды. 1960 жылы «Степные зори» атты ұжымдық жинаққа қатысты.
1974 жылдан «Простор» журналында повестері мен очерктері тұрақты жарияланып келеді.
Жеті деректі фильмнің авторы. «Энергия Экибастуза» толық метражды деректі фильмі («Қазақфильм») бүкілодақтық экранға шыққан.
«Тың жерді игергені үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медальдарымен марапатталған. «КСРО телевидениесі мен радиосының озат қызметкері» атағы берілген. ҚР Журналистер одағы сыйлығының лауреаты.