Рамазан Тоқтаров | өмірбаяны

0

Рамазан Тоқтаров (1935—2000) 13 қыркүйекте Павлодар қаласында туған. 

 

1957 жылы Алматыдағы шет тілдер институтының француз тілі факультетін, 1985 жылы Мәскеудегі Әдебиет институтының жоғары курсын бітірген. Павлодар облыстық газетінде қызмет істеген. 1960 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналында жұмыс істеген. Қазақстан Жазушылар одағының проза секциясының кеңесшісі, «Жұлдыз» журналы редакторының орынбасары, «Жазушы» баспасында редактор болып қызмет атқарған.

 

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері. «Абайдың жұмбағы» кітабы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығы берілді (2002).

 

Шығармалары: Ертіс перзенті. Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1960; Бақыт. Роман. А., «Жазушы», 1965; Ертіс мұхитқа құяды. Роман. Дилогия. А., «Жазушы», 1968, 1969; Иртыш впадает в океан. А., «Жазушы», 1972; Терістік шұғыласы. Повесть. А., «Жазушы», 1974; Тұлпардың сыны. Роман. А., «Жазушы», 1975; Жердің үлгісі. Роман. А., «Жазушы», 1983; Сусамыр. Роман. А., «Жазушы», 1985; Таңбалы жарғақтың құпиясы. Роман. А., «Жазушы», 1990; Абайдың жұмбағы. Роман. А., «Жазушы», 2000.