Ақтөбеде жұмбақ жағдайда жоғалған кәсіпкерге қатысты жаңа деректер шықты — новости Казахстана

0

Ақтөбе қаласының маңындағы Заречный елді мекенінің тұрғыны Кенжебай Алдашев із-түссіз жоғалмас бұрын бауырына хабарласып, көмек сұраған. Бұл туралы timeskz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды

timeskz.kz

Фото:timeskz.kz

Ер адам соңғы рет 9 қараша күні таңғы сағат бесте байланысқа шыққан.

Кенжебай Алдашевтің қызы әкесінің жоғалуына қатысты пікірін білдірді.

«Әкем Заречный-2 елді мекенінде тұрады. Ал Родниковканың маңында оның кішігірім құс фермасы бар. Сол күні фермада болған, дүкеннен нан алып келіп, көршінің үйіне кіріп шыққан. Ол жеңіл киініп шыққан, соған қарағанда біреудің көлігіне мініп кеткен», — деді Айжан.

Ер адам бауырына хабарласып, жақын маңнан көліктің дауыстарын естіп, жарық көріп тұрғанын айтыпты. Құтқарушылар хабарласқанда да Кенжебай Алдашев дәл осы ақпаратты беріпті.

Бірақ кешкі сағат алтыда онымен байланыс үзілген екен.

«Аяғым батпаққа кіріп кетті! Бұтақтан ұстап тұрмын», — депті Кенжебай Алдашев.

«Содан бері оны құтқарушылар да, достары да, туыстарымыз да іздеп жатыр. Бірақ еш нәтиже жоқ. Оның сим картасының біреуі Ақжарда, екіншісі Ақшатта деп көрсетіп тұр», — деп қызы Айжан көз жасына ерік берді.

Облыстың төтенше жағдайлар комитетіндегілер іздеуге екі елдімекеннің 10 құтқарушысы, 2 иті, 2 бірлік арнайы техникасы қатысып жатқанын хабарлады.

Еріктілер де іздестіру жұмыстарына ат салысып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 12 қараша күні Ақтөбе облысында құс фермасы бар кәсіпкердің жұмбақ жағдайда жоғалып кеткенін жазған болатынбыз.


Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар