Дипломдық жұмыс: Экономика | Негізгі және қосымша өндіріс жұмысшыларының еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру

0

Қазақстан Республикасы экономикалық даму кезенінің жаңа белесіне аяқ басты. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен кәсіпорынның өндірістік ахуалын одан ары жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Яғни өнеркәсіп орындарда еңбек ақы төлеу жүйесін қалыптастыруда, тек жекелеген жұмысшылардың ғана емес, тұтас өндірістегі жұмыстың қарқыны мен нәтижесін көтеруге сонымен қатар жұмысшыларды ынталандыру жүйесін, құрылымын ұйымдастыруға, жетілдіруге мүмкіндік береді.
Қазақстанда қалыптасқан қолайлы әлеуметтік — экономикалық ахуал шетелдік жұмыс күшінің ағылып келуіне жағдай туғызып отыр.Және үкімет басқа елдердің тәжірибелерін ескере отырып, республика аумағында жұмыс істеп жүрген заңсыз еңбек мигранттарын ішкі істер органдары мен басқа да тиісті ведомстваларда тіркеу арқылы заңдастыру жөнінде бір реттік акциялар өткізіп, тетіктерін әзірлеуде.
Сонымен қатар бізге республикамызда тұрақты жұмыс істей алатын жоғары білікті және кәсіпқой жұмысшыларды тартудың тетіктерін әзірлеуде.
Республикамызда жұмысшылар мен мамандардың еңбек ақысын есептеп төлеуге тарифсіз еңбек ақы жүйесін ұсынды. Дұрыс ұйымдастырылған сауатты құрылған критериилер бойынша бұл жұйеге кәсіпорын жұмысшылары тез бейімделіп, оларды жоғары сапалы өнімді еңбек етуге ынталандырады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтің биылғы жылғы (2006ж, 1 наурыз) Қазақстан халқына Жолдауында «Еңбек ресурстарын дамытудың тиімді жүйесін құру» мәселесіне нақты көңіл бөлініп, еңбек ресурстарын одан әрі дамыту жөнінде нақтылы тапсырмалар берілді. Осы стратегиялық құжатта атап көрсетілгендей, 2007 жылдан бастап халықтың жалақысы орта есеппен 30 пайызға көбейту.
Еңбек ақыны төлеудің өзектілігіне байланысты дипломдық жұмыстың мақсаты: өнеркәсіптік кәсіпорында еңбек ақыны ұйымдастыру механизімі, нысаны, жаңа жанасуларды негіздеу және сонымен қатар негізгі және қосымша жұмысшылардың еңбек ақы жүйесін зерттеу болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес дипломдық жұмыста келесі міндеттер қойылған:
— нарық экономика жағдайындағы еңбек ақыны реттеудің теориялық негіздерін оқып білу;
— еңбек ақыны ұйымдастырудың құқықтық аспектілерін қарастыру;
— еңбек ақының тарифтік жүйесін оқып білу;
— еңбек ақы жүйелері мен нышандарын оқып білу;
— «Өнеркәсіптік құрал-жабдықтар орталығы» ЖШС-ның еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруын талдау;
— шет елдердің үлгісімен еңбек ақы төлеу жүйесін қарастыру.
Дипломдық жұмысымның ғылыми жаңалықтары ретінде санауға болатын нәтижелері деп төмендегі мәселелерді ерекше бөліп айтуға болады:
— нарықтық реформаларды тереңдету жағдайындағы еңбек ақының экономикаға тән маңызы жинақталып, теориялық жағынан негізделді;
— өнеркәсіп кәсіпорындарында еңбек ақы төлеу жүйесін қалыптастырудағы шаруашылықтық басқарудың нарықтық механизімінің негізгі бағыттары айқындалды;
— шет елдік тәжірибелерінің талдауы негізінде еңбек нарығында қолданылатын еңбек ақыны реттеудің басты міндеттері анықталды;
— өнеркәсіпте еңбек ақы төлеу жүйесін жетілдіру бойынша негізгі бағыттар мен тұжырымдар ұсынылды;
— кәсіпорын ішіндегі еңбек ақының өзгеруін көрсететін жалақы төлеудің жаңа жүйесін жасаудың басты бағыттары айқындалды;
Дипломдық жұмыстың теориялық-әдіснамалық негізі отандық және шет елдік экономистердің зерттеу тақырыбының проблемалары бойынша шыққан еңбектері мен заң шығарушы актілері, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің еңбек ақы төлеу мәселелері бойынша шығарған шешімдері болып табылады.
Жазу барысында «Өндірістік құрал-жабдықтар орталығы» кәсіпорынның жылдық есептері, ғылыми зерттеу мекемелерінің ұсыныстары және нормативтік-анықтамалық материалдары пайданылды.
1 НАРЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЕҢБЕК АҚЫНЫ РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Экономикалық категория ретінде еңбек ақының мәні және оны реттеудің теориялық негіздері

Нарыққа өту кезеңінде экономикалық қатынастарды құру,берілген кезеңге адекватты еңбекке ақы төлеу механизімінің, концептуалды негізін құрудың объективті қажеттілігін береді. Бұл талап қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасында болып жатқан экономикалық өзгерулер. Мемлекеттік меншікті негізінен жекешелендіру, үлкен шаруашылық субъектілерді шетел инвесторларына сату және басқаруға беру және осының негізінде әлеуметтік деңгейге байланысты қоғам топтарының құрылуынан, яғни жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмыскерлердің, «еңбек ақы» категориясына тиісті көптеген теориялық және әдістемелік баптарды қайта қарастыру қажет.
Социализмнің экономикалық қатынас жүйесінде еңбек ақы қоғамның ұлттық кірісінің бөлімі ретінде беріліп, жұмысшыларға еңбегінің саны мен сапасына сай берілген. Мысал ретінде, Қазақстан республикасының Еңбек кодексі жобасында берілген анықтаманы келтірсе болады. «Еңбек ақы» — жұмыс беруші жұмысшыға оның еңбегіне, мамандығына, еңбектің қиындығына, саны мен сапасына, еңбек келісімі мен еңбек заңы талаптарына сай төленуі тиіс ақша түріндегі сый.
1999 жыл соңында қабылданған «Қазақстан Республикасының еңбек туралы» заңында үйымдарда еңбекке ақы төлеу жүйесі ұжымдық келісімдер немесе жұмыс берушінің актыларымен анықталатындығы расталған. 2000 жыл аяғында бекітілген «Қазақстан Республикасының әлеуметтік серіктестік» заңында белгілі бір келісімдерде келісілген еңбек ақы көлемінің белгілі бір байланысы орнатылған. Осылайша басқаратын субъектілер қызметкерлерге еңбек ақы төлеу шарттарын өздері анықтайды. Бірақ жұмыскерлердің еңбек ақылары заңмен қабылданғанын минималды еңбекке ақы төлеу деңгейінен аз болмауы керек. Сонымен бірге «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» заңға сай жұмыскерлер мен қызметкерлер бүгінгі күндегі жұмысы, яғни жұмыскерлер мамандықтары тарифті – маман анықтамаларымен, қызметкерлер қызмет анықтамаларына сәйкес тарифтенулері қажет.[1]
Қазақстан Республикасының қайта құру процестерінің себебінен құрылған еңбекке ақы төлеуді ұйымдастыру моделі осылайша, ұйымдарға экономика секторы берілген, еңбекке ақы төлеуде мемлекет араласпайды (тек заңмен қабылданған минималды еңбек ақы ескерілуі қажет және жұмыскерлер мен қызметкерлердің міндетті тарификациясы). Бұл реттеуде нарықтық әдісті бейнелейді.
Бірақ еңбек нарығы мен әлеуметтік еңбек қатынастарында нарықтық түзету дамымағандықтан, бұндай тәсіл үлкен жағымсыз салдарға әкелді. Бұған байланысты Р.Яковлев былай жазады: «Келтірілген еңбек ақы реформаларының принципиалды қажеттілігі, бір ауыр күйден (еңбекке ақы төлеу мәселелерінің бір орталықта шешілуі) реформаторлар екіншісіне ауысты ( бәрі өндіріс деңгейінде жинақталды). Нәтежиесінде екі жағдайда да төлеу деңгейіне еңбек нарығының түзеткіш әсері болмады, жұмыскерлердің еңбекке ақы төлеу деңгейі мен динамика бөліктерінде жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің қажет салалық және аумақтық қызығушылықтарын есепке алу және олардың еңбекке ақы төлеудегі қажет қатынастарын ұстау болмады». Жоғарыда келтірілген фрагмент Ресей федерациясында еңбекке ақы төлеуді ұйымдастыру практикасын бағалауға жатады. Бірақ бұл пікірді Қазақстан Республикасы үшін де қолдануға болады, еңбек ақыны реттеу аймағындағы жағдай ұқсас.
Еңбек ақыны төлеудің барлық мәселелері ұйымдастыру деңгейіне жатқызылған. Қазақстан Республикасы Президенті қаулысында әр түрлі әлеуметтік-еңбек қатынастарын төрт деңгейде келісім шартқа отыру жүйесін реттеу қарастырылған. Мынандай сұрақ туындайды: аймақ немесе сала деңгейінде еңбекке ақы төлеудің қандай аспектілерін шешу қажет, егер олар ұжымдық келісімдерде шешілуі қажет болса. Бұл мәселені шешуге 2000 жылы 18 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының әлеуметтік серіктестік туралы» заң да анықтылық бермейді. Ескеретін жағдай, берілген заңды акт тұрғысынан ең алғаш әлеуметтік серіктестік аумағында шарттарды ретке келтіріп, келісім процессіндегі учаскелер арасында шартқа тұру ретін, мазмұнын жүйелендірді.Онда негізінен баға мен инфляция деңгейіне, өмір сүруге қажет минимум мен конпенсация күйіндегі төлемдер негізінде еңбекке ақы төлеу мәселелері, еңбек ақыны реттеу механизмі шарттармен қарастырылуы мүмкін екендігі жазылған.
Арнайы экономика әдебиеттерін талдау нәтижесінде, қазіргі кезде нарықтық қатынастарға өту кезінде еңбекке ақы төлеуді өзгерту екі негізгі бағытқа негізделгендігін көрсетеді.Жұмыс күшінің құны теориясы негізінде және жұмыс күшіне сұраныс пен тапсырыс арақатыстан
заңына, еңбек нарығында не сатылады және алынады «жұмыс күші» немесе «еңбек» бақталастылығымен түсіндіріледі.
Түп негізінде батыс экономистердің көзқарастары бойынша, қазіргі экономикалық теорияда еңбек нарығында тек еңбек сатылады және сатып алынады , және «еңбек ақы еңбек құны» деген қорытынды жасаған.
Еңбек құны- еңбек бірлігі төлемімен өлшенетін, еңбектің әр-түрлі сапасының ақшалай сипаты. Бұл көзқарасты көптеген белгілі қазақ зерттеушілер де ұстанады. Мысалы: Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі К.А Сағадиев «еңбек ақы еңбек құны түрінде болады» дейді.
Еңбек ақы реформаларының екі концептуалды бағыттары жайлы айтқанда, ескеретін жағдай, соңғы жылдары көңіл бөлуге тұрарлық үшінші теория пайда болады, яғни еңбек нарығы ол теория бойынша қаржы нарығы делінеді.
« Қазақстан Республикасының еңбек туралы » заңында еңбек ақы еңбек қиындылығы, саны мен сапасына берілетін сый ретінде сиппатталған.
Кеңейтілген анықтамаларды ресей зерттеушілері берді. Ю.Г Одегов және П.В Журавлев жалдаушымен жұмысшыға істеген уақытына, өніміне немесе жұмыскердің белгілі бір қызметіне берілетін ақшалай төлем деп түсіндіреді. Сонымен бірге, олардың ойынша, нарықтық экономикада еңбек ақы жұмыс күші құны ретінде жұмыскерлер өздерінің еңбектері үшін алулары қажет, өмір қажеттіліктері көлемінің негізгі бөлімі ретінде анықталуы мүмкін. А. Жуковтың пікірі бойынша еңбек ақы «жұмыскерге оның еңбегін пайдаланғаны үшін төленетін төлем, анықтама негізінде жұмыс күші құны жатыр». Н. Волгиннің пікірі бойынша еңбек ақы құнының өзгерген түрі, жұмыс күші бағасы – бұл олардың арасында кеткен еңбек саны мен сапасына байланысты үлестіретін, еңбек кірісі мен кәсіпорынның соңғы жұмыс нәтижелеріне тәуелді жұмыскердің өмір сүруге қажет қаражаттың негізгі бөлігі. Келтірілген анықтамада көрініп тұрғандай, зеріттеуші еңбек ақыны оның пайда болу көзімен, еңбек ұжымының толық қызмет нәтижелерімен байланыстырады. Сонымен бірге Н. Волгин еңбек ақының негізгі қасиетіне көңіл аударған – жұмысшының өмірлік қаражат қорының бөлігі болуы, ынталандыру мен ұдайы өндіріс функциясын атқара алмайды.
Зеріттелетін категорияға В.И Левашовтың көзқарасы ерекше,оның пікірінше «еңбек ақы көлемі — еңбек саны мен сапасы нәтижесімен, сонымен бірге жалдау (келісім – шарт), тұтыну не ұсыну заңдарымен, нарықтық және нарықтық емес күштермен анықталады » деген.
Мамандар арасында бақталастық болатын теория мәселелерінің негізгісінің бірі, әлеуметік — бағытталған нарық экономикасында еңбек ақы дифференциясының объективті факторларын анықтау болып табылады. Еңбек ақыға әсер ететін факторлар жиынын екі аспектімен қарастыру қажет –
макроэкономикалық және микроэкономикалық. Еңбек ақыны дифференциялаудың макроэкономикалық аспектісі, оның көлемі әртүрлі мемлекеттік, аймақтық тенденциясы бар өзгешеліктерді айтамыз. Микроэкономикалық аспект болса, белгілі бір нарықта жұмыс күшіне сұраныс пен тапсырыс айырмашылық негізінде еңбек ақы дифференциясын зерттеуге негізделген.
Еңбек ақыны дифференциялауының макроэкономикалық факторлары батыс экономика – ғылымының еңбектерінде зерттелген. П. Самуэльсон еңбек ақыны дифференциалаудың зерттелетін фактор жиынына ұлттық қорды, жоғарғы технологияларды,капиталды, имиграцияны және онымен байланысты жұмыс күшінің шектеулі ұсынысын, тұрғындардың оптималды санын және тағы басқаларды жатқызады. Толығырақ және нақты факторлар жиынын американ зерттеушілері Кэмпбелл Р. Макконелл және Стэнли Л.Брю ұсынған. Өздерінің пікірлерінде, еңбекке деген сұраныс — оның өнімділігіне тікелей байланысты, ал берілген тұтас еңбек ұсынысында сұраныс неғұрлым жоғары болса, онда іс жүзіндегі орташа еңбек ақы деңгейі соғұрлым жоғары болады деген.
Берілген тезистің нәтижесінен,олар макроэкономикалық факторлардың келесі классификацияларын ұсынады:
— капитал;
— табиғи қор;
— технология;
— еңбек сапасы (яғни денсаулық, шешімділік,білім, еңбекке деген көзқарас);
— басқару жүйесінің тиімділігі мен икемділігі;
— өндіріс пен өнімділікті ынталандыру;
— әлеуметтік және саяси климат;
— ішкі нарық көлемі;
-жалпы өнімге деген сұранысты фирмалардың қамтамассыз ету мүмкіншілігі;
Келтірілген классификациялар, макроэкономикалық жоспарда еңбек ақының объективті себептерін толық сипаттайды. Жоғарыда келтірілген факторлар жұмыс күшіне деген сұранысты алдын ала анықтап, сонымен қатар еңбекке ақы төлеу көлемін де. Факторлар жұмыс күшінің сұраныс пен ұсыныс қатынасы деңгейінде, еңбек ақыға әсер етеді.
Егер кәсіподақтар мен жұмыс берушілер арасындағы байланыс ретінде факторды алса,онда екі жақтың да әлеуметтік серіктестік әрекетері, екі жаққа да тиімді сұраныс пен ұсыныс бағытталған болады. Мысалы: нарық экономикасында кәсіподақтардың негізгі экономикалық мәселелері, еңбек ақыны көбейту болып табылады. Бұл дегеніміз еңбекке деген сұранысты көбейту немесе еңбек ұсынысын шектеу болып табылады және керісінше кәсіпкер (жеке меншік иесі) еңбек күшіне деген шығынды азайтуға қызығады. Яғни бұл дегеніміз кәсіподақтар мен жұмыс берушілер арасындағы байланыс сұраныс пен ұсыныс факторларының құрама бөлігі ретінде болады.
Еңбек ақыны дифференциялдау факторы, жұмыс күші сұранысы мен ұсыныс факторының құрама бөлігі болып табылады. Еңбектің әр түрлі нарығында сұраныс пен ұсыныс шарттары неге ерекшелінеді? деген сұрақ туу мүмкін. Бұл сұраққа жауап беру үшін, еңбектің белгілі бір түрінің сұранысы мен ұсынысы негізінде жатқан факторларды зерттеу қажет.
Еңбек ақыны дифференциялауда объективті факторларын зерттеу, еңбек ақыны реттеуде сапалы әрекет етуін, оның құқықтық жүруін, нормативті және келісім аспектілерін қоса бағалауға мүмкіндік береді.
Жоспарлы экономикада іс жүзінде барлық экономикалық пропорцияларды анықтауда мемлекеттік реттеу шешуші роль ойнайды. Заңды және нормативтік актілердің жиынтығы, сондай-ақ директивті мекен-жайлық тапсырмалар жүйесі арқылы мемлекеттік органдар еңбек ақы саласындағы негізгі параметірлерді анықтады: жұмыскерлердің тарифтік ставкалары мен қызметтік окладтарының көлемі, еңбек ақы қоры, орташа еңбек ақының белгілі бір деңгейіне жеткен кездегі тапсырма, сый ақы қорларының көлемі. Мұндай жағдайларда еңбек ақының кейбір шағын мәселелерін ғана шаруашылық жүргізуші субъектілер өз бетінше шешті, мысалы, жұмыскерлердің сый ақылары мен сыйлықтарының нақты нысандары (формалары) мен көлемін таңдау, еңбек ақыға қосымша және үстеме төлемдердің жекелеген түрлерін белгілеу және тағы сол сияқты.
Нарықтық экономика жағдайында, дамыған елдердің тәжірибесі көреткендей, мұндай үдерістерді негізгі реттеуші нарықтық механизмдер болып қызмет етеді. Мемлекеттік реттеу мұнда, әдетте, көмекші роль …

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!