Ақтөбеде әкесі туған қызын зорлады деп күдіктеліп отыр — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Ақтөбеде әкесі туған қызын зорлап тастады деп күдіктелуде. Бұл туралы қыздың анасы айтты.

Ақтөбеде әкесі туған қызын зорлады деп күдіктеліп отыр

Зорлықтың құрбаны болған қыз 13 жаста екен, деп хабарлайды «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап Stan.kz.

«Менің отбасым үшін бұл қайғылы жағдай. Бұл туралы кездейсоқ біліп қалдым. Ештеңе естіп, көрмедім. Біз қарапайым отбасымыз. Бала маған өзі мойындап, айтып берді. Ол көнуден шаршаған екен. Мен үшін бұл шок болды. Алғаш рет мұндай әрекет бір жыл бұрын орын алыпты. Оны тапқым келеді. Оны өзім жазалағым келмейді, алайда заңмен жазаланғанын қалаймын», — дейді анасы. 

Белгілі болғандай, ер адам 35 жаста. Полиция оның әлі табылмағанын айтты. Ол 26 ақпаннан бері іздестірілуде.

Күдіктіні іздестіру жұмыстары тек Ақтөбе облысында ғана емес, БҚО, Маңғыстау, Атырау облыстарында да жүргізілуде. Ол туралы мәлімет Орынбор облысына да жіберілді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz