Ғабит Мүсіреп | өмірбаяны
Ғабит Іскендерұлы Мүсіреп Қарақалпақстанның Тақтакөпір ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тамамдаған. 1992 жылдан, V курстан бастап «Егемен Қазақстан» жалпыұлттық республикалық газетінде еңбек етті. Аталған басылымда тілші, аға тілші, шолушы, бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды.
Қазіргі кезде «Нұр Астана» республикалық жастар апталығының бас редакторы. «Рухыңды түсірме, ұлым» (2010 жыл) атты публицистикалық шығармалар жинағы жарық көрген. Журналистика саласындағы жемісті еңбегі үшін «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына ие болды.
Жолымда ылғи «шестерка» жолығады