Курстық жұмыс: Қазынашылық жүйесі | БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛУЫНДАҒЫ ҚАЗЫНАШЫЛЫҚТЫҢ РОЛІ
Мазмұны
КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………………….3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАЗЫНАШЫЛЫҚТЫҢ МӘНІ, НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ…………………………..5
1.1 Қазақстан Республикасындағы Қазынашылық жүйенің құрылуы мен дамуы……………………………………………………………………………………………………..5
1.2 Қазынашылықтың міндеттері мен функциялары………………………………..8
2 РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕРДІҢ КАССАЛЫҚ ОРЫНДАЛУЫНА ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ ………………………………………………………………16
2.1 Түсімдер бойынша ҚР-ң республикалық және жергілікті бюджеттерінің кассалық орындалуы……………………………………………………………………………..16
2.2 Шығындар бойынша ҚР-ң республикалық және жергілікті бюджеттерінің кассалық орындалуы………………………………………………………21
3 БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛУЫНДАҒЫ ҚАЗЫНАШЫЛЫҚТЫҢ РОЛІ МЕН ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ ……………………………………………………………………………………….27
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………………34
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………………………….36
Кіріспе
Мемлекетіміздің стратегиялық мақсаттарына жету үшін шексіз ресурстарды қолдану мен шоғырландыруды талап ететін жеті ұзақ мерзімді басымдылықты орындау керек. Ал ол өз кезегінде барлық қаржылық жүйенің әрі қарайғы реформалануын қарастырады. Бұл жағдайда үлкен жауапкершілік пен міндет Қазынашылыққа жүктеледі және оның негізгісі бюджеттік құралдарды рационалды шығындау болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында негізгі мәселенің бірі болып мемлекеттің қаржылық ресурстарын кешендік басқару табылады. Бұл мәселені шешуге жаңа қабылданған «Бюджеттік жүйе туралы» Заң көмектеседі. Онда қаржылық ресурстарды басқарудың негізгі ережелері мен заңдық тәртіпте мемлекеттің консалидирленген қаржылық балансының мәні мен мағынасы және ролі анықталған. Қазіргі уақытта республикамызда бюджетті құру мен орындау механизмдерінің жаңа даму жолдары қарастырылуды. Бюджеттің құрылуы мен орындалуының негізгі кезеңдерін кешенді түрде қарастыру мыналарға мүмкіндік береді:
Біріншіден, бюджеттік жоспарлау механизмін кешенді талдап, оның орындалуына бақылау орнатуға жағдай жасайды. Екіншіден, бюджетті құру мен орындау бойынша экономикалық шаралардың байланысы мен кезектілігін анықтайды. Үшіншіден, республика экономикасын басқарудағы болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, қаржылық жүйенің қызмет ету механизмінің жаңа даму бағыттары мен негізгі принциптерін жасайды. Қаржылық жүйенің алдына қойылған мәселелерді шешу үшін қаржылық саясат пен оның құрамдас бөліктерінің орындалуы механизмінің мәні мен мақсаттарын түсінуге нақты және терең тұрғыдан қараған жөн.
1994 жылғы Қазынашылық жүйенің құрылуы Қазақстан Республикасының бюджет құрылымының дамуындағы өте маңызды қадам болды. Қазынашылықтың негізгі міндеті республикалық бюджеттің орындалуына, мемлекеттік бюджеттің есептік-кассалық қамтамасыз етілуіне, мемлекеттік бюджеттің құралдарының тиімді және мақсатты шығындалуына бақылау жасау болып табылады. Қазынашылық органдарының алдына қойылған мәселелерді орындаудағы нақты және үзіліссіз жұмысының арқасында жалпы экономиканың қаржылық сауығуы (бюджеттік тапшылықты төмендету, бюджетті орындау барысындағы кірістер мен шығыстарды баланстау мүмкіндігі) жүзеге асырылады. Ал мемлекетіміздің глобальді мақсаттарына жетуі барлық қазақстандықтардың жағдайын жақсартатыны сөзсіз.
Осы курстық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесіндегі Қазынашылықтың қызметін зерттеп, оның бюджетті орындаудағы ролін қарастыру болып табылады.
Осы мақсатқа сәйкес жұмыста келесі мәселелер қарастырылған:
— Қазынашылықты құрудағы оның мәні мен негізгі міндеттерін анықтау;
— Қазынашылық қызметімен орындалатын функцияларды қарастыру;
— республикалық және жергілікті бюджеттердің кассалық орындалуына Қазынашылық бақылау жүргізу жүйесіне талдау жасау;
— бюджеттің орындалуындағы Қазынашылықтың ролін ашып, оның қазіргі даму перспективаларын көрсету.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі ретінде Қарағанды облысының Қазынашылық басқарылымы алынды.
Курстық жұмыстың жазылуына теориялық және әдістемелік негіз ретінде отандық қаржыгерлер мен экономистердің еңбектері, ҚР-ң заңдық және нормативтік актілері, ҚР-ң Қаржы Министрлігінің және Қазынашылық комитетенің нұсқаулық материалдары, сонымен қатар мерзімді басылымдардың мақалалары қолданылды.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАЗЫНАШЫЛЫҚТЫҢ МӘНІ, НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
1.1 Қазақстан Республикасындағы Қазынашылық жүйенің құрылуы мен дамуы
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы мемлекеттік қазынаға ерекше көңіл бөле бастады. 1994 жылы үкімет Қаржы Министрлігінің қызметін белгілеп, яғни Қаржы Министрлігі бюджеттік қорларды анықтап қашан, кімге, қанша ақша керек, кімді қаржыландыру керек, шексіз ресурстарды қалай тиімді пайдалану керектігін беліглеумен болды. 1994 жылғы Президент Н.Ә.Назарбаев жарғысында Қаржы Министрлігімен құрылған Қазынашылық жүйе калыптасты. Бірінші этапта Қазақстан Республикасыньщ Халықтық банкінің есеп айырысу кассалық орталығы бар жерде аймақтар қазынасын территориялық басқарумен басталды.
Қазақстан Республикасының қазына жүйесі бас кезінде пассив, яғни екінші роль атқарды. Сол кезде олар халықтык банкінің есеп айырылысу орталығымен параллельді, яғни республикалық бюджеттің кірісімен республикалық және жергілікті бөлімшесін бақылады.
Салықтық есеп және кірістердің кассалық кірістер есебі, кірістерді бөлу, яғни бюджеттің жағдайына байланысты және кассалық республикалык бюджеттің кассалық жұмысының орындалуын халықтық банкінің жұмысына қалдырды.
1995 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазынашылық орган өзіне республикалық бюджеттің құрамы банктік операциялар бақылауындағы ұйымдастырушылық қызметті алды.
1995 жылдың қазанындағы Қазақстан Республикасының Президентінің жарғысына сәйкес Халықтық банкінің есеп айырысу кассалық орталығы Қаржы Министрлігінің казынасына берілді. Осы негізде 1996 жылы 6 маусымда Қазақстан Республикасының Халықтык банкінде жеке қазыналық шот ашылды.
1996 жылдың қыркүйегі мен 1997 жылдың желтоқсанында Қазынашылық орган бюджеттік мекемедегі ақшалай шот арқылы есеп айырысу операцияларына бақылау жасады. 1995 жылдың аяғында орталык казынада валюталық операцияларға есеп беру және мемлекеттік бағалы қағаздар мен мемлекеттік қарыздар туралы бөлім ұйымдастырылды.
Облыстық, қалалық Қазынашылық басқару органы әр күн сайын мемлекеттік бюджетке түсетін кірістер мен шығатын шығыстар туралы есепті, Қазақстан Республикасының Халықтық банкіндегі жеке шоттың мәліметтерін бақылап отырды.
Әр айдың бірінші күнінен бастап облыстық Қазынашылық басқару органы қазыналық Департаментке айлық шығыстардың есебі мен жыл басындағы бюджеттік класификацияның әрбір жаңа кодтарын беріп отырады. Негізгі міндеті — бюджеттік дисциплиналарды нығайту, ведомстваларды, қазыналық құжаттарды үйымдастыру, шығару мен кіргізумен байланысты және де қазыналық ресурстарды үкіметтің пайдалануын қадағалап отыру.
1997 жылдың қаңтарынан бастап қазына қызметі әр ай сайын министрліктер мен ведомстволарға кассалық шығындар мен операциялық шешімдер қабылдағаны туралы хабарлап отырады.
1997 жылдың 4 тамыздағы ҚР-ң Үкіметінің қаулысымен бюджеттік мекемелер стипендияларды, еңбекақыны және басқа да каржылық төлемдерді жеке шоттар арқылы немесе пластикалық карта негізінде беру бекітілді.
Кейіннен облыстық Қазынашылық құрылымына келесі бөлімдер: операциялық, каржылық төлемдер мен баланстарды реттеу және бақылау, қолма-қол алуды ұйымдастыруды қамтамасыз ету, валюталык операциялар, ақпараттық-есептеу жұмысы, жүйелік қамтамасыз ету және аймақтық қазыналық органдардың жұмысын бақылау. 1998 жылдың қазанынан бастап Қаржы Министрлігінің қаржыларды бақылау комитеті қазыналық органға келесідей негізгі қаржылық бақылау функцияларын белгіледі:
• Министрліктің каржы-шаруашылық кызметі, мемлекеттік комитеттер, ведомствалар мекемелер;
• Мемлекеттік және мемлекетгік емес займдардың қолданылуы.
Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады. Осы жоғарыда қарастырылған мәліметтердің барлығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 казанындағы №1129 қаулысымен бекітілген, және де Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Қазынашылық комитетінің құрылымын төмендегідей бекітеді:
• басшылық;
• жиынтық қаржылық жоспар басқармасы;
• республикалық бюджеттің шығыстарын қаржыландыру басқармасы;
• түсімдерді есепке алу басқармасы;
• төлем операциялары басқармасы;
• қолма-қол ақша, шоттарды талдау және салыстыру басқармасы;
• несие беру басқармасы;
• мемлекеттік борышқа қаржылық қызмет көрсету басқармасы;
• мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың мониторингі және оны қайтару басқармасы;
• жиынтық есеп беру және бас кітап басқармасы;
• бюджеттік есепке алуды ұйымдастыру басқармасы;
• Қазынашылық жүйесін сүйемелдеу басқармасы;
• бағдарламалық-технологиялық құралдарды сүйемелдеу басқармасы;
• ұйымдастыру және кадр жұмысы басқармасы;
• ішкі бақылау басқармасы.
Комитеттің төмендегідей әрекет етулеріне толық құқықтары бар:
• Мемлекеттік мекемелерден республикалык және жергілікті бюджеттердің атқарылуын ұйымдастыру үшін қажетті ақпарат пен мәліметтер алуға, ал олар уақтылы ұсынылмаған жағдайда бухгалтерлік есеп беруді сұрауға;
• Теңгеде және шетел валютасында бірыңғай Қазынашылық шоты мен банктік шоттарының болуына;
• Тиісті қаржы жылына арналған жиынтық қаржы жоспарын қалыптастыру және оларға өзгерістер енгізу кезінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілкітері ұсынатын есептемелердің негізділігін тексеруге;
• Қарлжы тәртібінің сақталуына және мемлекет қаражатының мақсатты әрі тиімді пайдаланылуына бағытталған ұсыныстарды енгізуге;
• Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есеп беруінде жолсыздықтар анықталған жағдайда әкімшілік құқык бұзушылық туралы хаттамалар жасауға және оларды қаржылық бақылау органдарына қарауға жіберуге;
• өз құзыретінің шегінде бюджеттік және бухгалтерлік есеп, бюджет жүйесіндегі есеп беру және Қазынашылық органдарындағы ішкі аудит, есеп операцияларын жүргізу мәселелері бойынша бұйрықтар қабылдауға және олардың атқарылуын бақылауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ нормативтік құқыктық кесімдердің жобаларын әзірлеуге қатысуға;
• халықаралық шарттардың, келісім шарттардың, және келісімдердің жобаларын дайындауға қатысуға;
• инвестициялық жобаларды іске асыруға жауапты министрліктерден үкіметтік сыртқы қарыздар қаражатының түсуі (игерілуі) және жүмсалуы туралы есептерді сұратуға және алуға;
• Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу кезінде бюджеттік кредит беруді жүзеге асыру үшін қажетті барлық ақпаратты қаржы агенттерінен, қарыз алушылардан, мемлекеттік органдардан алуға;
• Комитет органдарының қызметін тексеруді жүзеге асыруға, оны жетілдіру жөніндегі ұсыныстар енгізуге;
• Шет елдердің Қазынашылық жүмыс тәжірибесінің практикалық пайдалануы жөнінде ұсыныстар әзірлеуге;
• Тек қана мемлекеттік бюджеттің қаражатына қатысты және оның есебінен олардың жүзеге асырылуын үшінші тұлғаларға беру құқығынсыз, ұлттық және шетелдік валютада мынадай банктік операцияларды;
• Заңды тұлғалардың депозиттерін кабылдауды, банктік шоттарын ашуды және жүргізуді;
• Аударым операцияларын: заңды түлғалардың ақшаны аудару жөніндегі тапсырмаларын орындауды;
• Есеп операциялары: заңды тұлғалардың вексельдерін және өзге де борыштық міндеттемелерін есепке алуды (дисконт);
• Қарыз операциялары: ақшалай нысанда кредиттер беруді;
• Аккредитивті ашуды (көрсетуді) және растауды әрі олар бойынша міндеттемелерді орындауды жүзеге асыруға құқықтары бар. Комитеттің мүлкі жөнінде төмендегідей ережелер бекітілген:
• Комитеттің жедел басқару қүқығындағы оқшауланған мүлкі болады.
• Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
• Комитеттің өзіне бекітіліп берілген мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік жүргізуге қүқығы жок.
Қазақстан Республикасындағы Қазынашылық жүйенің құрылуы ең басты міндет ретінде және қаржыны тиімді басқарудың маңызды шарты ретінде қарастырылды. Бірінші кезекте Қазынашылықтың облыстық басқармашылығы барлық аудандарда құрылды…..