Қарағандыда полиция қызметкері мінген көлік апатқа ұшырады — новости Казахстана
Қарағанды қаласында жол патрульдік полициясы көлігінің қатысуымен жол апаты орын алып, бір адам қаза тапты. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
Куәгерлердің айтуынша, «ауди» көлігі жоғары жылдамдықпен «Мерседесті» соғып, содан кейін полицияның УАЗ көлігін ұрған.
«Ауди» көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тауыпты.
УАЗ-ды тізгіндеген полиция қызметкері түрлы жарақаттар алған.
Дереккөз: kaz.nur.kz