Алматы облысының полицейлері қолды болған ішіктерді тауып, иесіне қайтарды

0

Өзгенің еншісінде кеткен ішіктің саны 13 құрап отыр.

Алматы облысының полиция қызметкерлері қолды болған ішіктерді тауып, иесіне қайтарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 31-қаңтар күні Панфилов ауданының Нұркент ауылында орын алған. Белгісіз біреулер жергілікті тұрғынның үйінен 13 бағалы құндыз ішікті қолды қылған. Жедел іздестіру шаралары барысында 20 және 23 жастағы екі азаматша қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінді. Анықталғанындай, жәбірленушіге 5 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.

«Жедел іздестіру шаралары барысында екі күдікті анықталып, ұсталды. Олар өз кінәсін толығымен мойындап, ұрланған 13 ішік заңды иесіне қайтарылды. ҚР ҚК 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», — деп хабарлап отыр Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта күдікті азаматшалар мекен-жайын өзгертпеу туралы міндеттемемен үйлеріне босатылды. Аталған деректі тергеу ісі Панфилов ауданы полициясының өндірісінде.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/