Сәбидің тісі тез шығу үшін
Жас баланың тісі тезірек шығу үшін халықтық емнің сан түрі бар. Назарларыңызға соның ішіндегі ең танымалдарын ұсынамыз.
— Тіс тез әрі оңай жарып шығу үшін тістейтін жұмсақ затты тоңазытқышқа салып мұздатып беру және қолды тазалап жуып, саусақпен қызыл иекке массаж жасайды.
— Таза дәкені салқын суға малып, суын сығыңқырап берсе тістің шығуы жеңілдейді.
— Тістің жаруы жеңіл болуы үшін шай немесе ас қасықты тоңазытқышқа салып салқын күйінде тістеуге беруге болады.
— Қызыл иекке бал жағып тұрған да пайдалы.
— Қызыл иектің ауырғанын басу үшін салқын нанды немесе бананды тістетіңіз.
— Күннің көзінде көбірек жүрген сәбидің тістері жеңіл жарып шығады.
— Құрамында «Д» дәрумені мен кальциі көп тағамдарды беріңіз.
— Ауыз қуысынан бөлінген сілекейді таза сүлгімен сүртіп, жиі емізу керек.
— Қыста немесе көктемде тіс жеңіл, әрі тез шығады.
— Тіс шыққанда сәбиді суықтатып алмаңыз. Бүлдіршін жөтеліп ауыратын болса, тістің шығуы ұзаққа созылады.