Елбасы Air Astana әуе компаниясына АҚШ пен Жапонияға ұшуға тапсырма берді
Бұл мәселені биыл шешу керек — Назарбаев.
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев Air Astana әуе компаниясына АҚШ пен Жапонияға авиабағыт ашуды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
«Air Astana авиаторларына алдымен біздің негізгі инвесторларымызға қарай ұшу талабын қоюмыз керек. Қазіргі таңда біздер Еуропаға ұшып жүрміз, енді АҚШ-қа, Жапонияға ұшуымыз қажет», — деді Қазақстан президенті.
Ол әуе компанияларына бастапқыда көмек қажет болатынына және соған орай қолдау білдіру керектігіне мән берді.
«Бұған не қажет екенін білуіміз керек. Көмек беріп, қолдау көрсетуіміз қажет. Мүмкін бастапқыда бұл тиімсіз болар, дегенмен ұшуды бастауымыз керек. Ұшақтар сатып алу мен қолда барды пайдалануға көмектесеміз. Осы мәселені биыл шешуіміз қажет», — деп түйіндеді мемлекет басшасы.
Нұрбек Қожахмет
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/