1 Сәуір — Күлкі күні (Қазақша анекдоттар)
Бір колода карта (54 даналы), ойыншылар және ішімдіктердің көп түрі.
Жүргізуші ойыншылардың көңілін көтеріп отырса ойын қызығырақ өтеді.
Сонымен, карта үлестіріле басталады (жүргізуші оны аса шеберлікпен, асықпай, өзінің іс-әрекетімен ойыншылардың жүйкесін тоздырып, әртүрлі қалжыңдармен тиіскілеп отырады) ойыншылардың біреуіне тұз түскенге дейін. Тұз түскен адам коктейлдің құрамына тапсырыс жасайды (мысалы: қымыз, шұбат, шырын, сарыағаш, айран, лимон, шарап т.с.). Жүргізуші мұның бәрін есінде сақтайды. Әрі қарай екінші тұз түскенге дейін карта үлестіріледі. Екінші тұз түскен адам коктейлдің көлеміне тапсырыс береді (100 грамнан 0,5 литрге дейін). Жүргізуші есінде сақтайды. Карта әрі қарай үшінші тұз түскенге дейін үлестіріледі. Ол ойыншы коктейлдің ақшасын төлейді, не өзі оны араластырады, және де коктейлге қосылатын ішімдіктердің қосылу мөлшері де өз еркінде. Карта үлестіріле береді. Төртінші тұз түскен адам осы коктейлді ішуі тиіс.
Бір адамның көзі байланады. Байланған көзімен ол алдындағы адамның мүшелерін қолымен ұстап анықтауы тиіс. Ең бастысы ол адамның басын, аяқ-қолын анықтаған соң қолына жылы, қабығы аршылған шұжықты ұстатыңыз.
Бұл ойынды балалар бар жерде де ойнауға болады, бірақ алдын ала дайындық керек. Бірінші пенжагыңыздың қалтасына бір шарғы жіп салып алыңыз. Жіптің түсі пенжактың түсіне сәйкес келгені дұрыс. Жіптің ұшын көзге түсетіндей сыртқа шығарып қойыңыз. Міндетті түрде сіздің салғырттығыңызды аңғаратын біреу табылады. Одан көмек сұраңыз. Үлкен де, бала-шағада күлкіге бір батады.
Аулада ойнап жүрген балалар бір-біріне әкелерінің өте жылдам екенін айтып мақтанып отырады. Біреуі: «Менің әкем садақ атса, нысанаға ұшқан жебеден бұрын жетіп барады» дейді. Екінші бала: «Сол да сөз боп па? Менің әкем тапанша атып, оқтан бұрын нысанаға жете алады» дейді. Сонда үшіншісі: «Ал менің әкем жұмыс уақыты 5-те біткенімен сағат 3-те үйде отырады»,- деген екен.
Бай бір бизнесмен өзінің бизнестегі ортағы, әрі досынан сұрайды:
— Осы сенің кигенің қайыршының киіміне ұқсайды, ал әйелің болса әртістерше киінеді. Неге жақсырақ киінбейсің?
— Қайтейін енді, екеуміз де оқыған нәрсеміздің әсерінде қалудамыз.
— Бұл қалай болғаны?
— Ол мода журналдарын үзбей оқиды, ал мен болсам отбасымыздың кіріс-шығыс дәптерін оқимын, — деген екен.
Автобусқа отырған бір оқушы кондуктордан екі билет сатып алады. Кондуктор одан: «Балақай неге екі билет алдың?» деп сұрайды. Оқушы: «Біреуін жоғалтып алсам, екіншісін көрсетемін» — деп жауап береді. Кондуктор: «Ал екіншісін жоғалтып алсаң ше?» дегенінде бала: «Онда менде «проездной» бар» деп қалтасынан бір айға арналған жол жүру билетін көрсеткен екен.
Бір қарға аузындағы ірімшікті жей бергенінде, түлкі келіп:
— Қарға аға, әдемі даусыңмен ән шырқап жіберші,- дейді. Қарға аузындағы ірімшікті қанатына ыңғайлап қыстырады да:
— Түлкі бауырым, мен ондай ескіріп кеткен қулықтарға алданбаймын. Өйткені мен де қарға мен түлкі ертегісін оқығанмын, — деп жауап берген екен.
Ағарған шаш
Баласы қайта қайта бұзықтық жасап, мектепке шақырылған әкесі баласына қарап:
— Сен есейіп қалдың, енді ақылды бол балам! Сен еркелігіңді көрсетіп, бұзықтық жасаған сайын шашым ағаруда. Әкеңе жаның ашыса, енді гәрі ақымақ болма балам, жарай ма?! — дейді. Сонда баласы:
— Бәсе, неге атамның шашы аппақ десем, атама жаныңыз ашымаған екен ғой, — деген екен.
Профессор
Дәрісханада бақылау жұмысы өтіп жатады. Кезекті бір студент жұмысын тапсырғалы тұрғанда оның қобалжып, абыржыған түрін көрген профессор: «Сіз неге соншама абыржып тұрсыз? Менің сұрақтарымнан қорқасыз ба?» — деп сұраса, студент: «Жоқ, мен өзімнің жауаптарымнан қорқып тұрмын», — депті.