Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
“Қазгидромет” кәсіпорнының мамандары 19-21 қаңтар күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады.
Синоптиктердің мәліметінше, демалыс күндері ауа температурасы жоғары әрі ылғал болады.
Орталық Азия аймағынан Қазақстанға оңтүстік циклоны жылжып, жылу алып келеді. Сондықтан алдағы демалыс күндері республиканың солтүстік жартысында қар жауып, бұрқасын, батыс бағыттардан қатты жел соғады, оңтүстік және батыс облыстарында жауын-шашын болып, жаңбырдың соңы қарға ұласады, таулы аймақтарда қатты қар жауып, тұман түседі және көктайғақ болады, – делінген хабарламада.
Дүйсенбіде суық фронттардың өтуіне байланысты ауа температурасы төмендейді, бірақ әлі де климаттық нормадан жоғары болады.
Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!
Дереккөз: Baribar.kz