Трамп КСРО неліктен күйрегенін айтты

0

Дональд Трамп Ауғанстандағы әскери қақтығыс Кеңес Одағының ыдырауына қалай әсер еткенін түсіндірді.

АҚШ президенті Дональд Трамп Кеңес Одағының ыдырау себебін түсіндірді деп жазады sputniknews.kz.

Америка басшысының пікірінше, КСРО-ның күйреуіне Ауғанстандағы соғыс себеп болған.

«Ресей Кеңес Одағы болды. Бұл ел Ауғанстанда соғысып, әбден азып тозған кезде Ресей атанды», — деді Трамп Fox News телеарнасының эфирінде.

​Ол КСРО тәлібтердің террорлық қауіп-қатер төндіруіне байланысты Ауғанстанға әскер кіргізгенін атап өтті.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/