Заттардың көлімі балабақшадағы ашық сабақтар

0

 

Мотивациялық қоғаушы.

Ұйымдастыру.

Сергіту сәті.

Қортынды.

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:

Тәрбиеші балалармен «Поезд» болып топқа кіреді. — Балалар, қарандаршы, бүгін бізге қонақтар келіпті, қане, бәріміз қонақтармен амандасайық!

 «Әдептілік белгісі, иіліп сәлем бергені».

Енді бәріміз шеңбер құрып, бір-бірлерімізге жақсы тілектер тілейік.

Армысың, асыл күн!

Армысың, асыл жер!

Армысың, көк аспан!

Жылуыңды қос маған!

Міне, менің қолым.

Тәрбиеші: — Балалар, кім айтады, бір жылда неше мезгіл бар?

Дұрыс.

Онда мен сендерге жұмбақ жасырамын. Ал сендер қай мезгіл екенін шешіндер.

Күн жылынып

Қар еріп,

Су сайларға толады.

Күндер ысып,

Маса шағып,

Балалар суға шомылады.

Күн бұлттанып,

Жауын жауып,

Шөп, жапырақ сарғаяды.

Суда мұз бар,

Жерде қар бар,

Боран, борап соғады.

Кім қыс туралы тақпақ біледі?

Ал қазір қай мезгіл, кім айтады?

Қыста табиғатта қандай өзгерістер болады?

Осы кезде есік қағылып, топқа аю кіреді.

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

  • Балалар бұл не?
  • Аю қайда тұрады?
  • Аю, сен осы кезде ұйықтап жатпайтын ба едің?
  • Иә, мен үлкен тапсырма мен келдім. Аяз Ата сендерге, сыйқырлы сандық пен хат беріп жіберді.
  • Аю хатты тапсырады.

      — Рахмет саған, аю.

  • Сау болыңдар, мен енді орманға қайтайын.
  • Балалар, Аяз ата хатта не жазды екен. Ашып көрейік пе?

Тәрбиеші хатты ашады.

 Хатта былай деп жазыпты. «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерге тапсырмалар жібердім. Егер де тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар, сиқырлы сандық ашылып, ішіндегі сыйлықтарға ие боласынңар. Сәлеммен, Аяз ата!».

  1. Тапсырма:

Аяз ата балабақшадағы ертеңгілікке және ормандағы аңдардаң ертеңгілігіне баруы керек. Бірақ мына жолдардың қайсысымен қайда тез жетемін?

Жасыл түсті жалпақ ұзындау жол (орманға).

Көк түсті жіңішке қысқа жол (балабақшаға).

Аяз ата (қысқа жол).

  1. Тапсырма.

Балалар аққалалардың бастарыңдағы шелектердің көлемдері, түстері қандай?

Онда балалар тапсырмаларды орындайық.

Ең алдымен сергіту жасап алайық.

Боран соғар сол жақтан.

Боран соғар оң жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ,

Су болады қолғаптар.

Ал, қане, тапсырмаларды орындайық.

Ол үшін дидактиқалық ойын ойнаймыз.

Д/ойын: «Ұзын және қысқа».

                  (салыстыру).

О/шарты: Балаларға ұзын және қысқа жолақшалар тарату. Алдарыңдағы жолақшалардың ішінен ұқсас жолақшардың өлшемдерін тауып, тапсырманы орындайық.

Д/ойын: «Аққала» .

О/шарты: Мен сендерге шелектердің үлгісін берем, өздерің тауып алып, аққалалардың бастарындағы шелектермен салыстырып беттестіріңдер. Көлемі, түстері бірдей болуы керек.

Тапсырмалар, орындалып аяқталысымен: — Міне ғажап, біздің сиқырлы сандығымыз ашылып кетті, балалар мұнда да хат жатыр. Мұнда не жазыпты екен.

«Құрметті балалар, сендерді жаңа жыл мерекесіне шақырамын, Аяз ата».

Балалар, бүгін біз нелерді өттік? Тағы не істедік?  

Балалар өлшемдерді білуі керек.

Екі заттың көлемін, пішінін үшінші затпен салыстырып беттестері айыра білуі қажет.

Балалар тәрбиешімен қимыл-қозғалыс жасай «поезд» болып топқа кірді.

Сәлеметсіздер ме!

Балалар бір-бірлерінің қолдарын үстеріне қоя тілектер тілейді.

Төрт мезгіл.

Көктем мезгілі.

Жаз мезгілі.

Күз мезгілі.

Қыс мезгілі.

Бойымызға шақ ғана,

Көзі көмір қап-қара.

Мұрны сәбіз сап-сары,

Тұрғыздық біз Аққала.

Қыс мезгілі.

Қар жауады. Адамдар жылы киімдер киеді. Балалар шана тебеді. Аққала жасаймыз. Жаңа жыл мерекесі болады. Аяз ата сыйлық әкеледі.

Аю.

Орманда.

Иә, иә!

Балалар ойын арқылы тапсырмаларды орындай бастайды.

өлшемдерді, ұзындықтарды,

көлемдерді,

түстерін

салыстырады.

Ойындар ойнадық.

Ұзындау, қысқалау, дәл дегендерді білдік.

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!