Ирак Сүрия аумағына әскер кіргізуге дайын

0

Ирак Сүрия аумағына әскер кіргізуге дайын.

«Associated Press» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 23 желтоқсан күні Бағдад қаласында Ирак Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өткен. Осыдан кейін премьер-министр Әділ Абдул-Махди: «Ирак үкіметі Сүрия аумағына АҚШ әскерінің шығарылуына байланысты ресми Бағдад аталмыш аймаққа әскер кіргізуге дайын» — деген мәлімдеген.

Естеріңізге салайық, желтоқсан айының 19-ы күні президенті Дональд Трамп Сүрия аумағынан АҚШ әскерін шығаратынын мәлімдеген. Оның бұл шешіміне АҚШ одақтастары мен Пентагон басшысы Жеймс Мэттис келіспейтіндігін айтқан. Бірақ Трамп өз шешімінде қалған.

«The Qazaq Times»