Денис Теннің өлімі бойынша сот отырысы басталды — Ел жаңалықтары

0

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Денис Теннің өлімі бойынша сот отырысы басталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осы іс бойынша сот алдына Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов пен Жанар Толыбаева келді.

Арман Құдайбергенов ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі 2-тармағы («Ұрлық») бойынша, 192-баптың 2-бөлігі 1,4-тармақтары («Қарақшылық») бойынша, 99-баптың 2-бөлігі 7,8-тармақтары («Адам өлтiру») бойынша айыпталып жатыр. 

Нұралы Қиясов ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі 1, 4 -тармақтары («Ұрлық») бойынша, 99-баптың 2-бөлігі 7,8-тармақтары («Адам өлтiру») бойынша айыпталып жатыр.

Жанар Толыбаева ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі 1-тармағы («Ұрлық») бойынша және 434-бап бойынша («Қылмыс туралы хабарламау») айыпталып жатыр.


© Tengrinews.kz

Қылмыстық іс 38 томнан тұрады.

Еске салайық, биыл 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Алматыда Денис Теннің құрметіне ескерткіш тақта орнатылды

Кейінірек Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында даңқты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің құрметіне ескерткіш орнатылатыны хабарланған еді. Сондай-ақ, оған «Халық қаhарманы» атағын беру ұсынылған болатын.

Сондай-ақ, мұның алдында ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Денис Теннің өлімі бойынша жүргізілген тергеудің аяқталғанын мәлімдеген еді.


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz