Түркістанда Асқар Мамин бірінші кезектегі нысандарды салу жөнінде жиын өткізді
«Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Түркістан қаласының түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде ерекше ден қойып келеді, және де ағымдағы жылдың 12 желтоқсанында Түркістанның біріншікезектегі нысандарын салу жөніндегі жиында ҚР Президенті тапсырған міндеттерді дер кезінде орындау керек», деп атап көрсетті А.Мамин.
Бірінші Вице-Премьер әлемнің 32 елінің сәулетшілері қатысқан Түркістан қаласының мәдени-рухани және әкімшіліктік-іскерлік орталығы жобасының сызбасына халықаралық конкурс жариялап, инженерлік инфрақұырылым салалық сызбасы бекітіліп, «Түркістанбасжоспарын» құру жөніндегі қаржылық және ұйымдастырушылық іс-шаралары атқарылды. Конкурста 300 эскиздік шешімдер келіп түскен. Түркістан қаласын Дамытудың Бас жоспары тұжырымдамасы шеңберінде үш біріншікезектегі құрылыс аймағы: тарихи орталық, мәдени-рухани орталық және әкімшіліктік-іскерлік орталық айқындалды.
«Әкімшіліктік-іскерлік және мәдени-рухани орталықтарының 17 біріншікезектегі нысанын және тарихи орталықтың 18 нысанын қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша жедел шаралар қабылдау қажет», деді Бірінші Вице-Премьер.
Инженерлік инфрақұрылым жобаларын дамыту жөніндегі жоспармен, сондай-ақ тұрғын үй нысандары мен әлеуметтік инфрақұырылымдарды салу жөніндегі жұмыс барысын Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев баяндап берді.
Өңір әкімінің мәлім еткеніндей, біріншікезектегі іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі Жол картасына сәйкес 3 суменқамту және субұру жобалары, сонымен қатар қаланы толық газбен қамтамасыз ету үшін 7 жоба жүзеге асырыла бастаған, Түркістан қаласының инженерлік инфрақұрылымын қамтамасыз ету жөніндегі 20 жоба құрылысын жүргізу қарастырылуда. Қазіргі таңда әкімшіліктік-іскерлік орталығы аумағында 26 көппәтерлі тұрғын үйлер салынуда. Аталған тұрғын үйлерге инженерлік-коммуникациялық желілер тартылуда. 88 бесқабатты тұрғын үйлерді жеке құрылысшылар қаржысына салуға- жаңа тұрғын үйлер алабынының іргетасын қалау жоспарланып отыр. Пәтерлердің сатылымы «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады. 280 орындық балалар бақшасы пайдалануға беріліп, мемлекет-жеке әріптестігі шеңберінде 900 орындық орта мектеп құрылысы басталған. Аяқталуы 2020 жылға жоспарланған жеке құрылысшының өз қаржысына бесжұлдызды қонақ үй бой көтеруде.
Жиын барысында мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы тарихи орталықта 18 нысанның қалпына келтіру жұмыстары басталғандығынан хабардар етті.
Министр Түркістан қаласының туристік тартымдылығына, жылына 5 млн. адамға жуық туристерағынына ықпал ететін жобаларды жүзеге асырудың маңызына тоқталды.
Жиын барысында сондай-ақ инвестициялар және даму вице-министрі К.Өскенбаев, энергетика вице-министрі М.Мырзағалиев, денсаулық сақтау вице-министрі А.Цой және өзгелері сөз алды.
Жұмыс сапары барысында А.Мамин «Әзірет-Сұлтан» мұражайы – мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы нысандарын, сондай-ақ жаңадан салынып жатқан «Отырар» мөлтек ауданындағы құрылыстар барысымен танысты.
Дереккөз: http://egemen.kz/