Жетісу ауданында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» құрметіне іс-шара өтті
2018 жылдың 14 желтоқсанында Жетісу ауданы әкімінің аппаратында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Бағдарлама ҚР мемлекеттік туын әкелумен ашылды, содан кейін мемлекеттік гимн орындалды. Жетісу ауданының әкімі М.І.Тажибаев пен Алматы қаласы мәслихатының депутаты А.Қ.Чиликбаев келген қатысушыларды құттықтап, марапаттау рәсімін өткізді.
Республиканың маңызды мейрамы қарсаңында көпбалалы аналар «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталды. Истомина Н.А. «Алтын алқа», Амреева Ж.М., Жұмабаева Қ.Ж., Апсаева Қ.Р., Шалатаева Ж.Ж., «Күміс алқа» алды.
Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлестері үшін бірқатар адамдарға әкімнің құрмет грамоталары берілді: «Асфальтобетон» ЖШС-нің бас директоры – Исламов В.А., «Келет» АҚ-ның президенті – Папп А.А., «АвтоинвестФонд» «Вираж» автосалон директоры – Балагута И.П., «Ағайын» кешенінің директоры – Курманкулова Г.Ж., «Байсат» ЖШС-нің директоры – Эфенди Кемаль, «Максима» ОСК директоры – Федоров Р.В., ауданның мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының директоры – Базикенова К.У.
Салтанатты марапаттау рәсімінен соң ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші, композитор, Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің директоры Біржан Хасанғалиев концерттік бағдарламаны ашты. Мерекелік концертте басқа да эстрада жұлдыздары, №102 бала-бақшаның кішкентай бишілері өнерлерін ортаға салып, №148 мектеп-гимназиясының оқушылары, ҚР еңбек сіңірген әртісі Сұлушаш Нұрмагамбетова, тақырыптық әндерін шырқады.