«Үстінен қылмыстық іс қозғалуы керек»: Айқын Төлепберген Мұқағалиды «Сорлы еркек» деген блогер жігітке шүйлікті

0

Әнші Айқын Төлепберген TikTok желісінде Мұқағали Мақатаевты “сорлы еркек” деп атаған блогер жігітке жауап берді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айта кетейік, Әлішер Теменов есімді жігіт өзін сөйлеу техникасының репетиторы етіп таныстырады. Желі қолданушысы бір видеосында ақын Мұқағали Мақатаевты “сорлы еркек” деп атап, өлеңдерінде үнемі шағымданатынын айтқан еді.

“Осы күнге дейін қазақты көргенсіз деген сөзді естіп едік. Енді Мұқағалиға тиісіп жатыр. “Сорлы” деп айтып, арасына тағы бір бейәдеп сөзді қосып қояды. Сен кімсің өзі?! Ақиық ақынымызға тіл тигізетін кім едің?! Сондай сөздерді айтуға қалай дәтің барады?! Оның шығармашылығын түсіне алмасаң тиіспеу керек еді. Айтатын сөзім жоқ. Жігіттердің ұстап алып, жазалағаны дұрыс. Кешірім сұрау аздық етеді. Үстінен қылмыстық іс қозғалып, кем дегенде 10 тәулікке қамау керек. Қазақ әдебиетіне үлес қосқан ақын-жазушыларымызға ешкімнің тіл тигізуіне қақысы жоқ”, – деп ашуланды Айқын.

Еске салайық, одан кейін Мұқағали Мақатаевты қорлаған тиктокер халықтан кешірім сұрады.

Оның айтқандары Мұқағали туған жер – Қарасаз ауылының тұрғындарын қатты ренжітсе керек. Олар Әлішерден бүкіл ауылдан жеке кешірім сұрауын талап етіп, видео жолдады.

Алишер әкесін ертіп ауылға барып, ақынның ескерткіші алдында тізерлеп кешірім сұрады.