«Ән айтып жатқанда жағым шығып кетті»: Фариза Ескермес «Джейрандағы» қызықты сәттерін еске алды

0

Отандық актриса Фариза Ескермес «Джейран» тобында жүргенде қандай жағдайға тап болғанын айтты. Ол Taboo бағдарламасына берген сұқбатында дөкейлерден түскен ұсыныстар туралы да сөз қозғаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фариза Ескерместің айтуынша, ол сахнада ән айтып тұрғанда жағы шығып кеткен. «Менде «Джейранда» жүргенде мынадай жағдай болды. Өзімнің жағым кішкентай, бірде ән айтып жатқанда жағым шығып кетті. Сахнада аузымды жаба алмай қалдым. Аузым ашық тұр, бірақ әрі қарай ән айта алмаймын. Оны Алтынай көріп, байқап тұрды. Ол менің куплеттерімді айтып, құтқарды. Артынан сахнаның артына барып, уқалап, бірдеңе істедік. Бір ай бойы сол жақпен біртүрлі болып жүрдім», — деді Фариза Ескермес.

Осы ретте Фариза Ескермес «Джейран» тобында ән айтқан кезінде дөкейлерден ұсыныс түсті ме деген сұраққа жауап берді. «Мұндай ұсыныстар сахнада жүрген кез келген әнші қызға түсті деп ойлаймын. Олардың алдында ән айтасың, тілек айтасың. Бірақ дөрекі түрде келіп, «сен, жүр» деп ешкім айтпаған. Біздің продюсеріміз де жөні түзі алаңдарға апаратын. Ол кісі кімнің қандай екенін біледі. Сондықтан ол кісіге біртүрлі еркектердің алдында ән айтуға апарған жоқ. Соған алғысымды айтамын», — деді актриса.