Қостанайда жаяу жүргіншіні көлік қағып мерт қылды
Қостанай қаласында жолды рұқсат етілмеген жерден өткен жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«12 желтоқсан күні таңғы сағат 8-де Қостанай қаласының Абай көшесінде «ГАЗ-3102» маркалы көлікті тізгіндеп келе жатқан 23 жастағы жүргізуші жолды рұқсат етілмеген жерден өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған», — деп хабарлады полиция департаментінен.
Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚК 345-бабының 3-бөлімімен (Жол қозғалысы ережелерін бұзу) сот алдындағы тергеу амалдары басталды.
Дереккөз: https://www.inform.kz