Жалақысын түгелдей науқастар мен мұқтаждарға аударатын мұсылман футболшы кім
Футболдан Марокко құрамасының басты жұлдыздарының бірі Зиеш Хаким командадағы жалақысын толығымен қайырымылық шараларына жұмсайды. Ол 2015 жылдан бері федерация ұсынатын еңбекақысын мұқтаждарға беріп келген, деп хабарлайды Sports.ru сайтына сілтеме жасаған Kznews.kz тілшісі.
Марокко құрамасының үздігі өзінің сыйақыларын түгел қайырымдылыққа жұмсайды. Ақшаның бір бөлігі елдегі жағдайы төмен отбасыларға берілсе, тағы бір бөлігін команданың қызметкерлеріне ұсынады. Ол 2015 жылдан бері ұлттық құрамада ойнап келеді. Осы аралықта футболшы өзіне бір тиын да алып қалмаған.
Зиеш Хаким отбасындағы он баланың тоғызыншысы. Оның қайырымдылықпен айналысуына өзінің отбасылық жағдайы себеп болған. Зиеш он жасқа толғанда әкесі онкологиялық аурудан қайтыс болады. Бұл аралықта ол футболдан қол үзіп те қалған. «Аякс» клубында ойнаған жылдары Зиеш Хаким онкологиямен күрес қорларына 185 мың еуро аударды.