Қасым, Жомарт және Кемел – үшемге Президенттің құрметіне осындай есімдер қойылды

0

Елордалық көпсалалы ауруханада үш сәби дүниеге келді. Олардың анасы — медбике, әкесі – тіс дәрігері. Бұл есімдерді қойған үшемнің атасы қойыпты.

Үшемдер мерзімінен бұрын дүниеге келген, балалардың салмағы шамамен 1000 грамм. Олар бөлімше меңгерушісі Ирина Цубенконың басшылығымен жаңа туған нәрестелер патологиясын күту бөліміне орналастырылды.

Үшемнің ата-аналары дәрігерлерге білікті көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді.

«Ота жасайтын және емдеуші дәрігерлерге акушерлік блогына үлкен алғысымды білдіремін. Медициналық мекемелерде қолайлы жағдай жасағаныңыз, заманауи жабдықтардың болуы, білікті мамандардың жоғары кәсібилігі үшін рахмет!»- деді келіншек

Ақпарат: http://Orda.kz

Фото: Астана әкімдігі