Дариға Назарбаева әлі де еңбек демалысында ма?

0

Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева әлі де ақысыз еңбек демалысында. Бұл туралы депутаттың көмекшісі Жанна Ермекова айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Қазіргі уақытта Дариға Назарбаева Нұр-Сұлтан қаласында, коронавирустық инфекциядан кейін оңалту курсынан өтіп жатыр.

Айта кетейік, Дариға Назарбаеваның демалысқа шыққаны жөнінде ақпарат қаңтар айының ортасында белгілі болды. Онда демалыстың ай соңына дейін жалғасатыны хабарланды.

Бұған дейін БАҚ-та депутаттың коронавирус жұқтырғаны хабарланды.

Сондай-ақ Дариға Назарбаева 28 қаңтар күні Nur Otan саяси кеңесінің құрамынан шықты.